t = IU. Электр тогының қуаты деп ток күші мен кернеудің көбейтіндісін айтады: P = IU. Халықаралық бірліктер жүйесінде электр тогының қуаты
ваттпен (Вт) өлшенеді:
1 Вт = 1 А · 1 В. 4. Электр тогы өткізгіштерден өткенде олардың температурасы
жоғарылайды, яғни ішкі энергиялары өседі. «Бұл құбылысты қалай
түсіндіруге болады?» деген сұраққа жауап берейік. Мысал ретінде көп
қолданыс табатын металл өткізгіштерді қарастырайық. Металдар еркін
қозғалатын электрондардан және кристалдық тордың түйіндерінде
орналасқан иондардан (оң зарядталған атомдардан) тұрады (су-
рет 5.21,
а). Металл өткізгішті тізбекке жалғағанда оның ішінде
кернеулігі
Е = j
1 – j
2 d = U d болатын (§21) электр өрісі пайда болады.
Өрістің
F = qЕ кулондық күшінің әрекетінен теріс зарядты еркін элек-
трондар
Е кернеулік векторының бағытына қарама-қарсы қозғалады
(сурет 5.21,
ә) да, І электр тогын туғызады. Электр өрісіндегі қозғалысы
барысында қосымша жылдамдық алған электрондар жолындағы
иондарға соқтығысып, оларға біраз энергияларын береді. Осылайша,
иондардың, демек өткізгіштің ішкі энергиясы өседі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
136
Ерекше ескерте кететін бір жайт: металдардың электр тогын ғана
емес, жылуды да жақсы өткізетін себебі – олардың бойындағы еркін