142
Сурет 5.25.
Электрқыздырғыш аспаптар
ә)
б)
а)
§28.
ЭЛЕКТРҚЫЗДЫРҒЫШ АСПАПТАР. ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ.
БАЛҚЫМАЛЫ САҚТАНДЫРҒЫШТАР
1. Электр тогының жылулық әрекеті
қазіргі тұрмыстық аспап-
тарда да, өнеркәсіптік техникаларда да зор рөл атқарады. Қыздырғыш
аспаптарға әр шаңырақта кең қолданыс тапқан электр плиталары, электр
үтіктері, электр шәйнектері, шашты құрғататын фендер т.с.с. құралдар
жатады.
Қыздырғыш аспаптар
өндірісте көптеген мақсаттарда, мысалы, ме-
талдарды жоғары температурада «пісіріп» бір-біріне жалғайтын ап-
параттарда (сурет 5.25,
а), рудаларды балқытатын
электр пештерінде
т.с.с. қолданылады. Ауылшаруашылығында өнімдерді кептіретін қон-
дырғыларда (сурет 5.25,
ә), көгөністер шығаратын жылыжайларда, құс
фабрикаларындағы инкубаторларда кеңінен пайдаланылады.
Барлық электрлік жылытқыш аспаптарда қолданылатын
қыздырғыш
элементтер (сурет 5.25,
б)
меншікті
кедергілері мен балқу темпе-
ратуралары үлкен екі түрлі қоспадан жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: