151
ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР
ОҚУШЫЛАР МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТТАР:
– магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру
және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;
– магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;
– тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтың
айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау;
– жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
– магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау;
– электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың
жұмыс істеу принципін түсіндіру;
– электрмагниттік индукция құбылысын түсіндіру;
– Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын
өндірудің мысалдарын келтіру.
X
X
X
X
X
X
X
X
VІ Т А Р А У
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
152
§30.
Бұл тарауда оқушылар терең игеруге міндетті алдыңғы бетте
көрсетілген бағдарламалық оқу мақсаттарымен қатар, әр оқушының есінде
ұзақ сақталуға тиісті мына негізгі физикалық ұғымдар қарастырылады:
«магнит өрісі», «тогы бар өткізгіштің магнит өрісі», «магнит өрісінің токқа
әрекеті», «электрмагниттік индукция».
ТҰРАҚТЫ МАГНИТТЕР. МАГНИТ ӨРІСІ
1. «Магнит» атауы ерте дүниеде Кіші Азиядағы «Магнесия» деп
аталатын жер шоқысының атауынан тараған.
Осы шоқыда өндірілетін
кейбір тас қиыршықтары бір-біріне жабысып тартылатын қасиеттерімен
ерекшеленетін. Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда грек ғұламасы Фалес
«магнит» туралы алғашқы жазба дерек қалдырған. Гректер жабысқақ
тастарды «Магнесия тасы» – «Magnetis litos» деп атаған. Магнесия
тасына ұқсас (сурет 6.1,
а) қасиеттері бар кен көздерін «магнетит» кен
орындары
деп атайды, оларға негізінен темір кеніштері жатады.
Әлемдегі ең ірі магнетит кеніштерінің бірі – Қостанай облысындағы
Соколов-Сарыбай кеніші. Оның байытылған кендері (сурет 6.1,
а және
ә)
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы еңбек жолын бас-
таған Теміртау металлургия комбинатында қорытылып, сапалы өнімдер
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: