153
Сурет 6.1. Табиғи магниттер
а)
ә)
б)
2. Темірмен қатар никель мен кобальт элементтері де магниттік
қасиеттерімен ерекшеленеді. Аталған элеметтерден немесе олардың басқа
элементтермен қоспаларынан әртүрлі пішіндегі
тұрақты магниттер
жасалады.
Тұрақты магниттер
деп магниттік қасиеттерін ұзақ сақтайтын
денелерді айтады.
Магниттерді бір-біріне жақындатқанда олар белгілі бір күшпен
әрекеттеседі. Магниттердің бірін-бірі тартатын ұштарын олардың әраттас
полюстері деп, ал тебілетін ұштарын аттас полюстері деп атайды. Соны-
мен, магниттің бір ұшын
солтүстік полюс, екінші ұшын
оңтүстік полюс
деп атау тарихи қалыптасқан.
Солтүстік полюсті
N таңбасымен белгілеп,
әдетте, көк түске бояйды; оңтүстік полюсті
S таңбасымен белгілеп, қызыл
түспен бояйды (сурет 6.2,
б). Магниттің көптеген қасиеттері тәжірибеде
анықталды. Мысалы, магнитті ортасынан бөлсек, оның полюстері бір-
бірінен ажырамайды. Магнитті қанша ұсақтап бөлсек те,
оның әрбір
бөлшегі екі полюстің бірлігін сақтап қалады. Магниттің тартатын
күші оның ортасында аз да, екі ұшында әлдеқайда үлкен. Сондықтан
магниттің тарту күшін өсіре түсу үшін оны иіп, доға түрінде жасайды.
а)
ә)
б)
Сурет 6.2. Тұрақты зарядтың және
тұрақты магниттің өрістері
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
154
Тұрақты магнитті қыздырғанда немесе қатты соққылағанда магниттік
қасиеттерінен айырылады.
3. Магниттердің бір-бірімен әрекеттесуінің электр зарядтарының өзара
әрекеттесуіне ұқсастығы бар. Біз 4-тарауда берілген зарядтың төңірегін-
дегі электр өрісін зерттеу үшін басқа бір
«сынақ зарядын» пайдаланған
едік. Сол сияқты, магниттің төңірегіндегі өрісті зерттеу үшін де элемен-
тар
«сынақ магнитті» пайдаланамыз. Сынақ магниттерінің рөлін өріс-
терін ескермеуге болатын ұсақ болат ұнтақтары немесе кішкентай маг-
нит тілшелері атқарады.
Тұрақты магниттердің төңіректерінде де олардың
сынақ магнитімен
әрекеттесулерін туғызатын ерекше өрістің бар екеніне тәжірибе жасап
көз жеткізе аламыз. Ол үшін жолақ магниттің үстін қатырма қағазбен
жа уып, зертханаларға арналған ұсақ болат ұнтақтарын оның бетіне
біркелкі себейік. Егер қарындаш немесе
қаламмен қағаз тілімін жай-
лап соқсақ, онда ұнтақтарға белгісіз күштер әрекет етіп, олар белгілі бір
тәртіппен орналасады (сурет 6.2,
ә).
Ал егер ұсақ болат ұнтақтарының орнына бірнеше магнит тілшеле-
рін пайдалансақ, онда белгісіз күштердің әрекет етуінен әр тілшенің
әртүрлі бұрыштарға бұрылып орналасқанын көреміз. Сонымен, тәжірибе
нәтижелеріне сүйеніп, тұрақты магниттің төңірегінде
сынақ магнитте-
ріне әрекет жасайтын
ерекше орта – белгілі бір өріс бар деген қорытынды
жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: