Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Сурет 6.4. Эрстед тәжірибесі §31



Pdf көрінісі
бет145/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   204
8сынып физика (2)

 Сурет 6.4. Эрстед тәжірибесі
§31.
 
ТОГЫ БАР ТҮЗУ ӨТКІЗГІШТІҢ МАГНИТ ӨРІСІ. 
ТОГЫ БАР ШАРҒЫНЫҢ МАГНИТ ӨРІСІ
1. Көптеген тәжірибелер электр өрісі мен магнит өрісі арасында 
күрделі байланыстың бар екенін айғақтайды. Оған төменде көрсетілген 
аспаптардың жәрдемімен қарапайым тәжірибелер жасап көз жеткізе ала-
мыз (сурет 6.4). Ол үшін ток көзінен, амперметрден, ток айырғыш кілттен 
және түзу өткізгіштен тұратын электр тізбегін құрайық та, өткізгішке таяп 
сынақ магнит тілшесін орналастырайық (сурет 6.4, 
а және ә). Өткізгіште 
ток жоқ болса (сурет 6.4, 
а), магнит тілшесі әдеттегідей Жердің маг-
нит өрісінің күш сызықтарының бо йымен орналасады. Кілтті қосатын 
болсақ, амперметр өткізгіштен токтың жүріп тұрғанын көрсетеді де, ал 
магнит тілшесі белгілі бір бұрышқа бұрылады (сурет 6.4, 
ә). Бұл құбылыс 
тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит тілшесіне әрекет ететін магнит 
өрісінің пайда болғанын дәлелдейді. Егер кілтті тізбектен ажыратсақ, 
магнит тілшесі өзінің бұрынғы орналасқан қалпына келеді (сурет 6.4, 
а). 
ә)
а)
Тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит өрісінің ашылуы адамзат 
өркениетінің болашақ дамуы үшін зор маңызы бар оқиға болды. Бұл 
құбылысты 1820 жылы алғаш ашқан даниялық ғалым-физик Ханс Крис-
тиан Эрстед болатынЖоғарыда сипатталған тәжірибе физика тарихына 
Эрстед тәжірибесі деген атаумен енді.
2. Эрстед тәжірибесін жалғастырып, тогы жоқ тізбектегі (сурет 6.4, 
а)
түзу өткізгішті электрофор машинасының кондукторына жанастырып
оң немесе теріс зарядтармен зарядтайық. Алайда бұл жолы магнит 
тілшесі ешқандай қозғалыс жасамайды. Ендеше, қозғалмайтын электр 
зарядының төңірегінде магнит өрісі пайда болмайды.
Жоғарыда сипатталған тәжірибелерден өте маңызды мынадай қоры-
тынды туындайды: магнит өрісі тек бағыттала қозғалатын зарядтардың 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


158
(яғни электр тогының) төңірегінде ғана пайда болады, ал қозғалмайтын 
зарядтың төңірегінде магнит өрісі пайда болмайды. 
Сонымен, магнит өрісінің көзі де электр өрісі сияқты электр заряды 
болып табылады. Алайда электр өрісін қозғалмайтын да, қозғалатын да 
зарядтар туғызады. Ал магнит өрісін тек бағыттала қозғалған электр за-
рядтары, яғни электр тогы ғана туғыза алады. Төменде мысал ретінде 
токтары бар 
түзу өткізгіштің және шарғының төңірегіндегі магнит 
өрістерін қарастырамыз. Тогы бар шарғыны физикада қысқаша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет