Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет149/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   204
8сынып физика (2)

Электрмагниттер
 деп өзінен электр тогы өткенде күшті магнит 
өрісін туғызатын құрылғыларды айтады.
Электрмагнит екі негізгі бөліктен: ферромагнит өзектен және көп-
қабатты орамдары бар шарғыдан (соленоидтан) тұрады. Орамдардан ток 
өткенде соленоид және оның ферромагнит өзегі магниттік қасиеттерге ие 
болады.
2. Электрмагниттің тарту күшінің қан-
дай шамаларға байланысты өзгеретінін анық- 
тайық. Ол үшін төменде көрсетілген мектеп
зертханасындағы амперметр, динамометр, 
таған, электрмагнит (трансформатор) және 
реос татты пайдаланып, электр тізбегін құ-
райық (сурет 6.8). Жіпке байланған темір 
кесіндісін суретте көрсетілгендей етіп тағанға 
бекітілген динамометрге ілейік. Электр- 
магниттің екі өзегінің үстіне қатырма қағазды 
қойып, оған темір кесіндісін жанастырып 
орналастырайық. Тізбекті тұрақты ток көзіне 
қосайық та, динамометрді жайлап көтеріп, 
темір кесіндісін электрмагниттің қандай 
F
1
 
күшпен тартатынын динамометрдің көрсетуі бойынша жазып алайық. 
Сонымен қатар электрмагнит орамынан өткен 
І
1
 токтың күшін де ампер-
метр арқылы тіркеп отырайық. 
Бұдан кейін тәжірибені қайталап, токтың күшін реостат арқылы екі 
есе 
І

= 2І
1
, одан кейін үш есе І

= 3І
1
т.с.с. өсіре отырып, оларға сәйкес 
келетін электрмагниттің 
F
2, 
F
3 
т.с.с. тарту күштерін динамометрдің 
көрсетулері бо йынша жазып отырайық. Тәжірибенің әр кезеңіндегі 
өлшеу нәтижелерін салыстыратын болсақ, ток күші еселеніп өскенде 
электрмагниттің тарту күшінің де еселеніп өсетінін көреміз.
Сонымен, тәжірибелерден мынадай қорытынды туындайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет