Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Жылу алмасудың үшінші түріне  сәуле шығар



Pdf көрінісі
бет18/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   204
8сынып физика (2)

6. Жылу алмасудың үшінші түріне 
сәуле шығару жатады. Жылу 
алмасудың жоғарыда қарастырған екі түрі – 
жылуөткізгіштік үшін 
де, 
конвекция үшін де молекулалар мен атомдардан тұратын заттық 
орта қажет. Ал 
сәуле шығару арқылы жылу берілу затсыз ортада 
да, яғни вакуумде де орындалады. Міне, осылайша, Күннен шыққан 
сәулелер ғарыш кеңістігіндегі терең вакуумге қарамастан, бойындағы 
жылулық энергияны алысқа жеткізіп бере алады. Мұндай ерекше 
сәулелерді 
электрмагниттік толқындар деп атайды. Электрмагниттік 
толқындардың физикалық мағынасы келесі сыныптарда ашылады.
Сәуле шығару
деп энергияның бір денеден екінші денеге электр-
магниттік толқындар арқылы берілу процесін айтады.
Электрмагниттік толқындар затты ортада да, затсыз ортада да та-
рай береді, әрі өзімен бірге энергияны да алысқа жеткізе алады. Міне, 
сондықтан Ғарыш кеңістігінде терең вакуумнан өтіп, 150 млн км 
алыстағы Күннен тараған сәуленің жылуын сезінеміз. Әр секунд сайын 
Жер ғаламат мол 10
14
кДж-ға жуық энергияны Күннен алады. 
Сурет 1.12: 
а) Қордай желә) Қапшағай күн электр стансылары
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


23
Күн сәулелері арқылы Жер бетіне жететін энергия да таусылмай-
тын қайталамалы энергия болып табылады. Қазақстан – Күн энергиясын 
өндіруге күш салып отырған алдыңғы елдердің бірі. 
1. Жылуөткізгіштік деп қандай процесті айтады? Заттың агрегаттық 
күйіне байланысты жылуөткізгіштік қалай өзгереді?
2. Жылуөткізгіштіктің әртүрлі болуы қалай түсіндіріледі? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет