198
4. Жарық параллель бетті жазық шыныдан
өткенде қандай құбылыс
байқалады? Суретін салып түсіндіріңдер.
5. Жарық үшбұрышты призмадан өткенде қандай құбылыс байқалады?
Бұл құбылыстан қандай қорытынды туындайды? Суретін салып
түсіндіріңдер.
6. Толық шағылудың шекті бұрышы деп нені айтамыз?
Толық ішкі
шағылу қандай жағдайларда орын алады?
7.
Толық шағылудың шекті бұрышы қандай формулалар арқылы және
қалай анықталады?
8. Толық ішкі шағылу құбылысы қандай салаларда қолданыс тапты?
1. Жарық сәулесі ауадан суға өтеді. Оның түсу бұрышы 60
о
-қа тең. Сыну
бұрышын анықтаңдар. Судың сыну көрсеткіші 1,333 шамасына тең.
2. Жарық сәулесі су шыны (флинт ТФ-11)
шегарасын бөлетін бет-
ке түседі. Түсу бұрышы 70
о
, сыну бұрышы 49
о
28′. Шынының сумен
салыстырғандағы сыну көрсеткішін табыңдар. Оның абсолют сыну көр-
сеткіштердің қатынасына тең болатынын дәлелдеңдер. Флинт ТФ-11
шынысының абсолют сыну көрсеткіші 1,648 шамасына тең.
3. Жарық сәулесі мұз – су шегарасын бөлетін бетке түседі. Түсу бұрышы
50
о
. Сыну бұрышын анықтаңдар. Мұздың
абсолют сыну көрсеткіші
1,310 шамасына тең.
4. Жарық сәулесі спирттен алмазға өтеді. Түсу бұрышы 63
о
. Сыну
бұрышын анықтаңдар. Абсолют сыну көрсеткіштері: спирт – 1,361;
алмаз – 2,417.
5. Су, шыны (крон К80), шыны (флинт ТФ-1) және алмаз үшін толық
шағылудың шекті бұрыштарын анықтаңдар.
Олардың абсолют сыну
көрсеткіштері: 1,333; 1,516; 1,648: 2,417.
6. Табаны теңбүйірлі тік бұрышты үшбұрыш болатын призма К80 мар-
калы шыныдан жасалған. Жарық сәулесі табанындағы катет арқылы
өтетін призма жағына ауадан перпендикуляр түседі (сурет 7.19, а).
Сәуленің одан арғы жүрісін сызыңдар.
7. Жарық сәулесі алдыңғы есептегі призманың
табанындағы гипотену-
за арқылы өтетін жағына ауадан перпендикуляр түседі (сурет 7.19, ә).
Сәуленің одан арғы жүрісін сызыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: