Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


біріншіден, олардың молекулаларының орналасу арақашықтығына бай- ланысты,  екіншіден



Pdf көрінісі
бет39/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204
8сынып физика (2)

біріншіден, олардың молекулаларының орналасу арақашықтығына бай-
ланысты, 
екіншіден, бөлшектердің өзара әрекеттесу күштеріне тәуелді 
өзгереді. Расында да, заттардың қатты және сұйық күйлерінде олардың 
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын
тілдеріндегі минимумы
Қ а з а қ ш а
О р ы с ш а
А ғ ы л ш ы н ш а
Молекулалық-
кинетикалық теория
Молекулярно-
кинетическая теория 
Molecular-kinetic 
theory
Балқу 
Плавление 
Melting
 
 Кристалдану
 
Кристаллизация 
Crystallization
Меншікті балқу
жылуы
 
 
Удельная теплота плавления
 
Specific heat
 of fusion
 
 Булану
Испарение
 
Evaporation
Конденсация 
Конденсация 
Condensation
Қайнау
 
Кипение 
Boiling
Меншікті булану 
жылуы 
Удельная теплота 
парообразования
Specific heat of 
vaporization
Қаныққан бу 
Насыщенный пар
 
Saturated steam
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


48
молекулалары бір-бірінен белгілі бір 
r
0
қашықтықта тербеле қозғалады. 
Егер молекулалар 
r
0
қашықтықтан алыстай бастаса, олардың арасында 
тартылыс күші күшейеді, ал жақындай бастаса тебіліс күші артады. 
Газдарда молекулалар өте алыс орналасады, сондықтан олардың өзара 
әрекеттесу күштері де өте әлсіз болады. Сөйтіп, газдар өз көлемін сақтай 
алмайды; қандай көлем берілсе, сол көлемді түгел қамтып жайлайды.
2. 
Молекулалық-кинетикалық теория қалыптасқаннан кейін зат- 
тардың әртүрлі күйде болуын 
температура және ішкі энергия ұғымдары
негізінде кеңірек түсіндіру мүмкіншілігі туды.
 Молекулалық-кинетика-
лық теорияға сүйеніп, 
зат күйінің өзгеру шарттарын анықтай аламыз.
Қатты денелер мен сұйықтардың температуралары өссе, олардың 
құрамындағы бөлшектердің жылдамдығы артып, кинетикалық энергия-
лары да өседі. Сондықтан бөлшектер үлкен жылдамдықпен әрі алшақтай 
ауытқып, тербеле бас тайды. Заттың температурасы белгілі бір шамаға 
жеткенде молекулалардың арасындағы тарту күші кристалдық тордың 
түйіндері төңірегінде тербеліп тұрған бөлшектерді ұстап тұра алмайтын 
жағдайға жетеді. Сөйтіп, кристалдық тордың бұзылуы басталады да, зат 
қатты күйден сұйық күйге ауысып, балқи бастайды.
Балқу
деп заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесін ай-
тады. 
3. Қатты денелердің басым бөлігінің молекулалары олардың сұйық
күйлеріндегі молекулаларына қарағанда тығызырақ орналасады. Сон-
дықтан олардың қатты күйдегі кристалдары өз сұйықтарының түбіне 
орналасады. Расында да, кез келген металдың қатты бөлігін оның 
сұйытылған балқымасына салатын болсақ, ол батып кетеді.
Сондай-ақ кейбір кристалдар қатты күйінде өз сұйықтарының 
бетінде қалқып жүреді (сурет 2.1). Ондай кристалдарға шойын, висмут, 
галлий, мұз жатады. Мұндай крис талдар борпылдақ келеді, өйткені 
Сурет 2.1. Мұзтау (айсберг) Сурет 2.2. Шыныүрлегіш
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


49
олардың едәуір бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Сондықтан борпылдақ 
кристалдардың тығыздығы өз сұйықтарының тығыздығынан азырақ бо-
лады. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда және 0
о
С температу-
рада тұрған судың тығыздығы r
су 
= 999,84 кг/м
3
, ал мұздың тығыздығы
r
мұз 
= 920 кг/м
3
шамаларына тең.
Суға қарағанда мұздың жеңіл болуы мұхиттар мен теңіздердегі тірші-
лік иелері мен өсімдіктер дүниесі үшін зор маңызы бар. Жылуөткізгішті-
гі нашар мұз бен қар қабаты ұзақ айларға созылатын қатты аяздардың 
өзінде судың температурасын 4
о
С-ден төмен түсірмей ұстап тұрады.
4. Кристалл денелердің (мысалы, мұздың) балқу барысын термометр-
мен қадағалайтын болсақ, қызық құбылысты байқаймыз. Жылу беріп 
қыздырған кезде мұздың температурасы әуелі көтеріле бастайды (су-
рет 2.3). Содан кейін жылу беру процесі жалғаса берсе де, температура 
көтерілуін доғарып, кристалл әбден балқып болғанша тұрақты сақталады 
(мұз үшін мұндай температура 0
о
С-ге тең).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет