физикалық ұғымдар қарастырылады: «термодинамиканың бірінші заңы»,
«термодинамиканың екінші заңы», «энергияның түрленуі», «іштен жану
қозғалтқыштары», «бу турбинасы», «жылу қозғалтқышының пайдалы
әрекет коэффициенті».
Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын
тілдеріндегі минимумы
Қ а з а қ ш а
О р ы с ш а
А ғ ы л ш ы н ш а
Термодинамиканың
бірінші заңы
Первый закон
термодинамики
The first law
of thermodynamics
Термодинамиканың
екінші заңы
Второй закон
термодинамики
The second law
of thermodynamics
Жылулық
қозғалтқыштар
Тепловые двигатели
Thermal Motors
Іштен жану
қозғалтқыштары
Двигатели внутреннего
сгорания
Internal combustion
engines
Бу (газ) турбиналары
Паровые (газовые) турбины
Steam (gas) turbines
Жылу қозғалтқы-
шының пайдалы
әрекет коэффициенті
Коэффициент полезного
действия теплового
двигател
Coefficient of efficiency
of the heat engine
§13.
ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ.
ГАЗ БЕН БУДЫҢ ЖҰМЫСЫ
1.
Жоғарыдағы тарауларда қарастырған жылулық қозғалыстардың
жекелеген заңдылықтары әртүрлі жүйедегі энергия түрленулерін зерт-
тейтін іргелі бір теорияның салдарлары болып табылады.
Термодинамика деп аталатын жалпыға ортақ бұл іргелі теория
заттардың молекулалық микроқұрылымын қарастырмай, энергияның
бір түрден екінші түрге өту шарттарын сандық тұрғыдан сипаттайды.
«Термодинамика» сөзі гректің «therme» – «жылу» және «dynamis» –
«күш» сөздерінен құралған. Кез келген теориялық ілім сияқты термо-
динамиканың да өзіне тән зерттеу пәні бар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|