Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Жылу қозғалтқыштарының тағы бір түрі – бу және газ турби-



Pdf көрінісі
бет65/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204
8сынып физика (2)

6. Жылу қозғалтқыштарының тағы бір түрі – бу және газ турби-
налары. Бу (газ) турбиналары жылу және атом электр стансыларын-
да отынның ішкі энергияларын электр энергиясына түрлендіретін 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


77
генераторлардың роторларын айналдыру үшін қолданылады. Іштен жа-
натын қозғалтқыштардан өзгеше турбиналарда поршень мен шатун және 
иінді білік қолданылмайды.
Бу
 немесе газ турбиналары деп қызған будың (газдың) жәрдемімен 
поршень мен шатунсыз және иінді біліксіз айнала алатын қоз-
ғалтқыштарды айтады.
Қарапайым бу турбинасының негізгі жұмысшы бөлігі ротор болып та-
былады (сурет 3.4, 
а). Ротор-диск (3) білікке (4) бекітілген. Бу қазанында 
жоғары қысымда пайда болған бу сопло (1) деп аталатын арнайы түтік-
тер арқылы ротордың қалақшаларына (2) бағытталады. Соплоларда
жоғары қысымдағы бу ұлғаяды да, қысымын төмендетеді, есесіне бу 
ағынының жылдамдығы артады. 
Сурет 3.4: 
а) бу турбинасы; ә) көпсатылы бу турбинасы
а)
ә)
Бу турбинасын айналдырып, жұмыс істеп шыққан будың кине-
тикалық энергиясы біршама азайғанмен, оның қуаты әлі де болса бірне- 
ше роторларды айналдыруға жетеді. Сондықтан бу турбиналарының
ПӘК-ін көтеру үшін олардың роторларын бір-біріне жалғастыра қосып, 
көпсатылы турбиналар түрінде жинайды (сурет 3.4, 
ә). Көпсатылы турби-
наларда бу температурасы 100
о
С-ге таяу төмендегенге дейін бір сатыдан 
келесі сатыға өтіп, жұмыс жасай береді. Мұндай көпсатылы турбиналар 
Екібастұз жылу электр стансысында да қолданыс тапқан.
Бу турбиналарының артықшылығына мыналар жатады: жыл-
дам айналғыштығы, ықшамдылығы, пайдалы әрекет коэффициентінің 
едәуір жоғарылығы (40%-ға дейін). Кемшіліктеріне мыналар жатады: 
инерттілігі, яғни тыныштық күйінен шығаруға немесе тоқтатуға едәуір 
уақыт кетеді, айналу жылдамдығын реттеу мүмкіншілігінің шектеулігі, 
кері жүрісінің (айналысының) жоқтығы. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет