93
Практикалық тапсырма
Эксперименттік тапсырма
Теориялық тапсырма
§19.
Капрон немесе пластмасса қақпағы
бар литрлік шыны банкі алып,
электроскоп жасаңдар да, оны зерттеу жұмыстарыңда пайдаланатын
болыңдар. Қақпақтың центрі
арқылы қатаң сым өткізіп, оның банкі
ішіндегі ұшын тік бұрыш жасап иіңдер. Сымның иілген ұшына конфетті
немесе шоколадты ораған станиол қағазынан жеңіл екі тілшік жасап,
жіппен бекітіңдер. Ортасынан сым өткізілген қақпақпен банкінің ау-
зын жабыңдар.
Төмендегі үш тәжірибені жасаңдар.
1. Балалардың үрленген
екі шарын алып, газетке үйкелеңдер. Оларды
ұзын жібек жіпке байлап, қатарластыра іліп қойыңдар. Олардың бір-
бірінен тебілетініне көз жеткізіңдер.
2. Пластмассадан жасалған сызғышты немесе тарақты сукноға үйкелеп
электрлендіріп алыңдар да, краннан немесе шәйнектен сызаттап аққан
суға жақындатыңдар. Сызаттап аққан су сызғышқа (тараққа) қарай
тартылатынын көріңдер.
3. Балалардың үрленген шарын алып, газетке үйкелеңдер де, бөлме төбе-
сіне жақындатыңдар. Шардың төбеге жабысып, ұзақ тұратынын, одан
кейін төмен түсетінін бақылаңдар.
Жоғарыдағы тәжірибелерде байқалған
құбылыстарға теориялық тал-
даулар жасап, қысқаша түсіндіретін реферат жазыңдар да, өзара
талқылаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: