Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ. ҚОЗҒАЛМАЙТЫН



Pdf көрінісі
бет80/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   204
8сынып физика (2)

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ. ҚОЗҒАЛМАЙТЫН 
ЗАРЯДТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ. КУЛОН ЗАҢЫ
1. Эбонит таяқшасын жүннен жасалған матаға үйкегенде таяқша 
теріс, ал мата оң зарядталатынын көрдік (сурет 4.1, 
а). Электрметр
(градуирленген электроскоп) арқылы эбонит пен матаның зарядтарын 
жеке-жеке өлшегенде олардың абсолют шамалары тең болып шықты: 
|–q
эбонит 
| = |+q
жүн
|
Сол сияқты шыны таяқшаны қағазға үйкегенде шыныда пайда бол- 
ған оң заряд (сурет 4.1, 
ә) пен қағаздағы теріс зарядтың абсолют шама-
ларының да тең екенін электрметр айғақтайды: |+q
шыны
| = |q
қағаз
|. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


94
Көптеген тәжірибелер электр зарядының жоқтан пайда болмай-
тынын және жоғалып кетпейтінін, тек жанасатын тұйық денелердің 
арасында өзара бөліске түсетінін көрсетеді. Сонымен, сыртқы орта-
мен әрекеттеспейтін тұйық жүйедегі денелердің зарядтарының бөлінісі 
табиғаттың тағы бір әмбебап заңы зарядтардың сақталу заңына
 
негізделеді. Бұл заң былайша тұжырымдалады:
Тұйық жүйедегі денелердің электр зарядтарының абсолют 
шамаларының қосындысы өзгеріссіз сақталады:
 |q
1
|
 
+ |q
2
| + ... + |q
n
| = const.
2. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу заңдылығын фран-
цуз ғалымы Ш. Кулон 1785 жылы ашты. Эксперименттік зерттеулер 
үнемі қозғалыста болатын зарядтардың өзара әрекеттесуі қозғалмайтын 
зарядтардың өзара әрекеттесуінен өзгеше болатынын көрсетті. Ол жөнінде 
жоғары сыныптарда оқитын боласыңдар. 8-сыныпта тек Кулонның 
тәжірибе жүзінде ашқан қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу 
заңдылығын қарастырамыз. 
Кулон электр зарядтарының өзара әрекеттесу күшін табу үшін өзі жа-
сап шығарған 
бұралма таразыны пайдаланды (сурет 4.5, а). Таразының 
жіңішке серпімді кварц қылына (1) өте жеңіл шыны күйенте (2) гори-
зонталь ілінген (сурет 4.5, 
ә). Оның бір ұшына беті алтынның буына 
жұқалап қақталған жеңіл шарик (3), ал екінші ұшына қарсы салмақ 
(4) орнатылған. Дәл сондай екінші шарик (5) таразының қақпағына 
вертикаль оқшаулағыш (диэлектрик) шыбық арқылы берік бекітілген. 
Біртекті q заряды бар үшінші шарикті бір-біріне түйісіп тұрған алтын 
шариктерге жанастырғанда олар бірдей мөлшерде зарядталады (q


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет