Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет85/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   204
8сынып физика (2)

Жаттығу 4.1
7 – 3477
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


98
§20.
 
4. Екі нүктелік q
1
және q
2
заряды бір-бірінен L арақашықтықта орналасқан. 
Олардың арақашықтығы 0,5 м-ге қысқарса, әрекеттесу күштері екі есе 
өседі. L арақашықтығын табыңдар.
5 Бір-бірінен 20 см арақашықтықта орналасқан оң зарядталған екі дене-
нің зарядтары 1,6•10
–9
Кл және 0,4•10
–9
Кл. Оларды қосатын түзудің 
бойында үшінші –0,5•10
–9
Кл нүктелік теріс заряд орналасқан. Осы 
заряд тепе-теңдігін сақтау үшін екінші денеден қандай қашықтықта 
орналасады?
ЭЛЕКТР ӨРІСІ. ЭЛЕКТР ӨРІСІНІҢ КЕРНЕУЛІГІ
1. Кулон заңы зарядтардың өзара әрекеттесу күшін сандық жағынан 
сипаттайды. Алайда «
мұндай әрекеттесудің табиғаты не?» дейтін 
орынды сұраққа жауап бере алмайды. Енді осындай сұрақтардың жауа-
бын іздестіріп көрейік. Ол үшін әдеттегідей тәжірибелерге жүгініп, орын 
алатын құбылыстарға зер салайық. 
Өте майда ұсақталған қағаз үгінділерін горизонталь шыны бетіне 
біркелкі жайып, орта тұсына дөңгелек металл өткізгішті орналастырайық 
та, оны электрофор машинасының көмегімен зарядтайық. Сонда горизон-
таль беттегі дөңгелек металл өткізгішке қағаз қиқымдары жан-жағынан 
жақындай түсіп, жабыса бастайды. Қағаз үгінділерінің зарядталған 
дөңгелек металдың жақын төңірегінде тығыз, ал одан алыстаған сайын 
сирек орналасқанын көреміз (сурет 4.6, 
а). 
Бұдан кейін қағаз қиқымдарын қайта шыны бетіне біркелкі жайып, 
дөңгелек екі металл өткізгішті бір-біріне таяу орналастырайық та, элек-
трофор машинасымен біреуін оң, екіншісін теріс зарядтайық. Бұл жолы 
қағаз үгінділері әраттас зарядтармен зарядталған екі дөңгелек өткізгішті 
бір-біріне «аспалы көпірмен» жалғастырып орналасады (сурет 4.6, 
ә). 
Сурет 4.6. Зарядталған денелердің төңірегіндегі электр өрісі
а)
ә)
б)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


99
Келесі жолы қағаз үгінділерін тағы да біркелкі жайып, горизон-
таль бетке екі металл шыбықты параллель орналастырайық. Егер екі 
өткізгіштің бірін электрофор машинасының жәрдемімен оң, ал екіншісін 
теріс зарядтасақ, мұндай жағдайда да қағаз үгінділері екі өткізгіштің 
араларында (сурет 4.6, 
б) белгілі бір ретпен орналасады. Өткізгіштердің 
орта тұстарында параллель жолақтар, ал шеткі ұштарында реттеле иілген 
жолақтар пайда болады.
2. Тәжірибелерден нені көріп сезіндік? Біріншіден, ең бас
тысы, 
зарядталған қозғалмайтын денелердің төңірегіндегі қағаз үгінділерінің 
белгілі ретпен бағыттала қозғалысқа келгенін көрдік. Ал 
қозғалыс – 
материяның ақиқат бар екендігін білдіретін ажырамас қасиеті. Біздің 
сезім мүшелеріміз материяның тек заттық түрін ғана қабылдай ала-
ды. Мысалы, бірін-бірі тартатын әраттас зарядтарды қатты созылған 
резеңкемен немесе серіппемен жалғастырып қойсақ, онда біздің сезім 
мүшелеріміз материяның бұл екі заттық түрін қабылдар еді. Сөйтіп, 
резеңке де, серіппе де әраттас зарядтарды бір-біріне тартады дер едік. 
Алайда бұл арада резеңке де, серіппе де жоқ, тек бағытталған реттелген 
қозғалыс бар. Ендеше, 
материяның заттық түрінен басқа, біздің сезім 
мүшелеріміз тікелей қабылдай алмайтын, оның тағы 
бір белгісіз түрі бар деген қорытынды жасай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет