106
Эксперименттік зерттеулер нәтижесінде электр өрісінің мынадай та-
маша қасиеті анықталды:
біртекті электрстатикалық өрісте зарядтың
орын ауыстырғанда істелген жұмыс заряд қозғалысының траектория-
сына тәуелді емес, тек жолдың бастапқы және соңғы нүктелерінің
орналасуларына ғана тәуелді.
7-сынып физикасында айтылғандай, мұндай қасиет байқалатын кез
келген өріс
потенциалдық өріс деп аталады. Жердің тарту күші өрісінде
белгілі бір биіктіктен құлаған дененің істейтін жұмысы да оның қозға-
лыс траекториясына тәуелсіз анықталатын. Ендеше, жердің төңірегіндегі
тарту өрісі сияқты зарядтың төңірегіндегі
әрекеттесу өрісі де
потен-
циалдық өріс болып табылады. Сондықтан
потенциалдық өрістерде
атқарылатын жұмыстар да бір-біріне ұқсас формулалармен сипатталады.
2. 7-сыныпта
Жердің потенциалдық өрісінде атқарылған А жұмыс
потенциалдық энергияның өзгерісіне (айырымына) тең болатынын
төмендегі формуламен көрсеткен едік:
Достарыңызбен бөлісу: