99
ның жалпылама белгісін білдіретіндіктен, заттық мағынада қол-
данылмайды. Зат пен қимылдың белгісін білдіретін жəне зат тан ған
түрде қолданыла алатын заттық сындар мен қимылдық белгілерден
үстеулер осы сипатымен ерекшеленеді. Үстеулердің кей жағдайда
белгілі бір контексте өз қасиетінен
алшақтап қолданылуы олардың
негізгі басты белгісі болып танылмайды. Сонымен, үстеулердің
лексика-семантикалық сипаты заттың қимылы мен заттың сынының
əр алуан белгісін, яғни белгінің белгісін білдіруімен, сондай-ақ
мағыналық абстракциялану нəтижесінде нақтылықтан қол үзуімен,
нəтижесінде басқа сөз таптарымен омонимдес сипатта болуымен
анықталады. Сондықтан үстеулер
заттың қимылы мен сындық
белгісін осы аталған сөз таптары арқылы берілетін белгілердің
белгісі түрінде ғана білдіруімен ерекшеленеді. Үстеу сөздер құ-
рамындағы əртүрлі сөздердің жалпы категориялық мағынаға ие бо-
луы нəтижесінде дербес сөз табы ретінде қалыптасқан. Үстеу өзінің
семантикалық сипаты, сөзжасамы, грамматикалық
қызметі жағынан
да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді.
Ғалым А. Байтұрсынов «сын есім, сан есім, есімдік, етістік
сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді үстеу» деп
атаса, Қ. Жұбанов мағынасы істің мезгілін не мекенін көрсететін;
морфологиялық белгісі -
-қы/-кі, -ғы/-гі үстеуін (жұрнағын) ертетін:
кешегі, бұрынғы; синтаксистік белгісі – анықталушысына жалғаусыз
жетектеле тұрып, орны еркін болатын
сөздерді мезгіл-мекен есімі
деп анықтап, «үстеу» сөзінің орнына «мезгіл-мекен есімі» деген
атауды ұсынады.
Үстеулердің мағыналық сипаты олардың негізгі морфологиялық
ерекшеліктері жəне сөз түрлендіретін релятивтік тұлғаларының
болмауымен байланысты анықталады. Сөз түрлендіретін арнайы
жұрнақтарының болмауы үстеулердің басқа сөз таптарынан белгілі
бір грамматикалық формалар арқылы
туынды сөздер ретінде
ауысып келуімен де түсіндіріледі. Мысалы,
қайта, жағалай,
ретімен, жөнімен, амалсыздан, тікелей, т.б. Туынды үстеулер
құрамындағы мұндай грамматикалық формалар өзінің бастапқы
қалпындағы түрлену, басқа қосымшаларды қабылдау қасиетінен
айрылып, нəтижесінде форма жағынан өзгермейтін, тұлғалық
өзгеріске түспейтін сөздер қатарына ауысады. Осыған орай үстеулер
қатарындағы сөздерді морфологиялық
ерекшеліктеріне қарай зат
есімдерден (
уақытша, адамша, көйлекшең, қаперсіз т.б.), сын
есімдерден (
бұрынғыша, ескіше, кеңінен т.б.), сан есімдерден (
екеу-