Мишық
Мишық, cerebellum, бассүйектің артқы шұңқырында үлкен мидың шүйде
лік
үлесінің астында,
сопақша ми мен көпірдің үстінде
орналасады. Ол тек сүтқоректілерде
жақсы дамыған оң және сол мишық сыңарлары, hemispherii cerebelli, мен олардың
арасында орналасқан, мишықтың
ескі
құрылымына жататын құртшасынан, vermis,
тұрады.
Мишықтың бетінде оны ж
ұқа
, доғатәрізді иілген жапырақшаларға, folia cerebelli,
бөлетін көптеген саңылаулар, fissurae cerebelli,
өтеді.
Олардың ішіндегі терең орналасқан
саңылаулар мишықтың құртшасын – 8, сыңарларын – 5 үлесшеге, lobuli, бөледі.
Олардың
ең үлкені горизонталды саңылау, fissur
а
horizontalis, мишық экваторы бойынша өтіп,
мишықты – жоғарғы, facies cerebelli superior, және төменгі беттерге, facies cerebelli
inferior, бөледі. Мишықтың төменгі бетінде орналасқан, екі сыңардың арасындағы ұңғыл –
алқапша, vallecula cerebelli, деп аталады.
Мишықтың филогенездік дамуы бойынша үш: 1) көне бөлігі, paleocerebellum,
(жырым және түйінше); 2) ескі бөлігі, archicerebellum (құртша) және жаңа бөлігі,
neeocerebellum (мишық сыңарлары) ажыратылады.
Мишық сыңарларының төменгі бетінде, ортаңғы аяқшаның артында, кішкене
құрылым – жырым, flocculus, орналасқан. Ол құртшаның құрамындағы түйіншемен,
nodulus, байланыста болады.
Мишық ақ және сұр заттан тұрады. Ақ зат – милық зат
, corpus medularе,
мишықтың тереңінде орналасып, ақ жолақ түрінде әр
жапырақшаға
кіреді. Сұр зат мишық
қыртысын, cortex cerebelli, және ақ зат тереңінде орналас
қан,
мишық ядроларын түзеді.
Мишық сыңарында – тісті
ядро, nucl.dentatus,
құртшада –
тығынтәрізді ядро,
nucl.emboliformis, шартәрізді ядро, nucl.globosus,
және
шатыр ядросы, nucl.fastigii,
орналасады.
Мишық орталық нерв жүйесінің
көрші
орналасқан бөліктерімен үш жұп
аяқша арқылы байланысады.
Мишықтың төменгі аяқшалары, pedunculi cerebellar
е
s inferiores, мишықты
сопақша мимен байланыстырады. Олардың құрамында жұлын-мишықтық артқы жол,
олив
а
-мишықтық жол, кіреберіс-мишықтық
және т.б. жолдар
өтеді.
268
Мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cerebellares superiores, мишықты
ортаңғы мимен байланыстырады. Олардың
құрамында
жұлын-мишықтық алдыңғы;
мишық-
таламустық
және мишық-қызыл ядролық жолдардың талшықтары өтеді.
Мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedunculi cerebellares medii, –
арқылы
көпір
ядросынан мишық қыртысына баратын көптеген талшықтар
өтеді.
Бұл талшықтар үлкен
ми жамылғысы қыртысының мишықпен байланысының екінші
бөлігі
болып табылады
(сүтқоректілер эволюциясында мишық сыңарының үдемелі дамуы үлкен ми қыртысының
және көпірдің алдыңғы бөлігінің дамуымен
үйлесімді жүреді).
Мишықтың жұлын және мимен нервтік байланыс
тары,
дененің қозғалысы
кезіндегі
бұлшықеттердің үйлесімді қызметін, яғни дененің тепе – теңдігін қамтамасыз етеді
.
Мишықтың бұл қызметі жоғары омыртқалылардың
эволюциялық дамуы барысындағы
қимыл түрлерінің жетілуінде шешуші роль атқарды.
Сонымен қатар, мишықта
вегетативтік нерв жүйесінің орталықтары орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |