Уақытаралық лазерлі 3D-сканер лазерлі сəулені объектті зерттеу
үшін жəне оның ЭЭ-моделін жасау үшін қолданады. Сканерде
уақытаралық лазерлі
қашықтық өлшеуіш орналасады, ол лазерлі
импульстің таралу уақытын объектке дейін жəне керісінше бағалау
жолымен объект бетіне дейінгі қашықтықты анықтайды. Жарық
жылдамдығының белгілі мəнін, лазерлі импульстің алынған аралық
уақытын ескере отырып объекттегі нүктеге дейін қашықтықта
анықтайды. Лазерлі қашықтық өлшеуіш объекттің бүкіл облысын əр
нүкте
бойынша сканерлейді, бұл кезде ол лазер сəулесінің таралу
бағытын не аспаптың өзін айналдыру жолымен немесе айналмалы
айналар жүйесінің көмегімен өзгертеді. Стандартты уақытаралық
лазерлі ЭЭ-сканер бір секундта 10000-нан 100000 нүктеге дейін
қашықтықты өлшей алады.
Триангуляциялық белсенді лазерлі 3D-сканерлер сканерлеу
объектісіне лазерлі сəуле жібереді жəне камераны нүкте орналасуын
іздеу үшін қолданады, ол бет бойынша лазерлі сəуленің орын
ауыстыруына байланысты камераның көру шегінің түрлі жерлерінде
пайда болады. Бұл технология триангуляция деп аталады, себебі
лазерлік нүкте, камера мен лазерлі сəулелендіргіш үшбұрыш құрады.
Үш көрсеткіш үшбұрыштың пішіні мен өлшемін анықтайды:
камера
мен лазер арасындағы қашықтық; лазердің көлбеулену бұрышы;
бетіндегі шағылысатын сəуле жағдайы секілді камераның көлбеулену
бұрышы (6.12-сурет).
Құрылымдалған жарық технологиясы бойынша жұмыс
жасайтын 3D-сканерлер видеопроектор немесе жарықтың басқа
тұрақты көзінің көмегімен координаталық
тордың проекциясын
объектке жасайды. Бұл тордың пішінінің өзгеруін есепке алып,
проектордан кішкене шеткері орналасқан камера пішінді белгілейді
жəне көру шегіндегі əр нүктеге дейін қашықтықты есептеп шығарады.
Кейбір қолданыстағы жүйелер нақты уақыт режиміндегі қозғалатын
обьектілерді де сканерлей алады.
Достарыңызбен бөлісу: