Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет120/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Соққы әсерлі принтерлер немесе Impact-принтерлер кескінді 
қағазға механикалық қысыммен бояуы бар лента арқылы шығарады. 
Соққы тетігі ретінде символдар шаблоны (типтер) немесе матрицаға 
конструктивті біріккен инелер пайдаланады. 
Матрицалық принтерлерде (Dot-Matrix-Printer) кескін принтер 
бастиегінде орналасқан бірнеше инелер арқылы жасалады. Инелер 
əдетте электромагнитті əдіспен іске қосылады. Әрбір соққы инесі 
селеноид негізінде тəуелсіз электромеханикалық түрлендіргіштің 
қозғалысына алып келеді. Матрицалық принтер инелерінің қозғалу 
принципі 
7.1.-серетте көрсетілген. 
245 


7.1.- сурет. Матрицалық принтер инелерінің қозғалу принципі 
Бастиек көлденең бағытқа жылжиды жəне қадамдары қозғалтқышпен 
басқарылады. Қағазды білік тартып алады, ал қағаз бен принтер бастиегі 
арасында бояулы лента орналасады. Принтердің көбісі басып шығаруды 
тікелей жəне де кері жүрісте де жасайды. Матрицалық принтерлердің 
баспа сапасы басып шығаратын бастиектің ине санымен анықталады: 9, 18 
немесе 24. 
Осы принтерлер өнеркəсіптік жағдайларда пайдалануға арналған жəне 
қалың қағаздардан кəртішкелер, жинақтаушы кітапша жəне басқа 
қағаздарға басып шығаруға мүмкіндігі бар. 
Матрицалық принтерлердің айтарлықтай кемшілігі соққы принтерлері 
сияқты шулы болады. Қазіргі уақытта матрицалық принтерлердің 
таралуы қысқарды. 
7.1.2. Бүріккіш принтерлер 
 
Жұмыс істеу принципі бойынша бүріккіш принтерлер матрицалық 
принтерлерден айырмашылығы – соққысыз жұмыс істейді, ол басып 
шығарушы бастиек диаметрі миллиметрдің он бөліктерінен тұратын, 
жіңішке тұмсықшаның жинағынан тұрады. Осы бастиекте сұйық сиясы 
бар резервуар орнатылған, ол тұмсықша арқылы микробөлік ретінде қағаз 
материалына басылады. Сияларды сақтау екі құрылмалық шешіммен 
қамтамасыз етіледі. Оның бірінде принтер бастиегі сия резервуарымен 
біріктірілген, бұл ретте, сия резервуарын ауыстыру кезінде бастиекпен 
бірге ауыстырылады. 
246 


Басқасы бөлек резервуарын пайдалануды қарастырады, ол капилляр 
арқылы бастиекке сияны бөліп отырады. 
Бүріккіш принтер негізінде сияны баспаның мынадай 
тəсілдерімен қолданады: пьезоэлектрикалық, газды көпіршіктер мен 
«Drop-on-Demand» тəсілі
Пьезоэлектрикалық тәсіл кері пьезоəсерді пайдаланумен 
тұмсықшаны 
басқаруға 
негізделген. 
Өздеріңізге 
белгілі, 
пьезокристалл электр алаңының əсерімен деформацияланады. 
Осы тəсілді іске асыру үшін əрбір тұмсықшаға диафрагмаға 
байланысқан жалпақ пьезокристалл орнатылған. Баспа кезінде 
тұмсықшадағы пьезоэлемент тұмсықшаны бір босатып (7.2, а- 
сурет), бір қысып (7.2, б-сурет) оны сиямен толтырады. Кері 
сығылған сия қайтадан резервуарға ағып өтеді, ал тұмсықшадан 
тамшы сияқты шыққан сиялар қағазда нүкте қалдырады. Осыған 
ұқсас құрылғылар негізінде Epson, Brother компанияларымен 
шығарылады. 
Бүріккіш принтер бұрыннан бері танымал болғанымен, оны 
пайдалану ұзаққа созылмады, оның бүріккіш технологиясы басқа 
принтерлерді ойлап табуға негіз болды. Алғашқы жəне негізгі 
патент Canon компаниясына берілген. Hewlett-Packard осы салада 
бірқатар патенттерге ие, ол ThinkJet көпіршікті технологияны 
пайдаланумен, 1985 жылы алғашқы бүріккіш принтерді шығарды. 
Лицензияны алмасу жолымен осы екі компания бəсекелестерге жол 
бермеді – қазір еуропалық нарықтағы бүріккіш принтерлердің 90 
осы екі компанияға берілген
Газды көпіршікті тəсіл жылулық және инжектірленген 
көпіршіктер тəсілі (Bubble-Jet),немесе баспаның көпіршікті 
технологиясы деп аталады, олар 7.3-суретте бейнеленген. 
 
 
 
7.2.-сурет. Пьезоэлементті бүріккіш принтердің жұмыс істеу принципі 
247 


7.3.-сурет. Баспаның көпіршікті технологиясын (Bubble-Jet) пайдаланумен сияны 
баспаның принципі 
Принтердің басып шығарушы бастиектің əрбір тұмсықшасы жұқа 
қабыршақты резистордың түрінде қыздырғыш элементімен 
жабдықталған. Ол арқылы өткізу кезінде 7 ... 10 мкс-та жоғары 
температураға дейін қызады. Сияны буландыруға қажетті 
температура, мысалы 
Hewlett-Packard фирмасының принтері, 
шамамен 330 °С –ге дейін жетеді. Өткір қызу кезінде туындайтын 
булы сия көпіршігі (
Bubble 
) тұмсықшаның шығыс тесігі арқылы 
қажетті 0,16 мм кем емес диаметрлі сұйық сияны шығаруға 
ұмтылады. Тоқты өшірген кезде жұқа қабыршақты резистор тез 
суиды, булы көпіршіктің көлемі кішірейеді, бұл келесі жаңа порция 
сияны қабылдайтын тұмсықшаны сұйылтуға алып келеді. 
Баспаның көпіршікті технологияларын пайдаланумен сияны 
баспаның реттілігі 7.3.-суретте көрсетілген. Осы технологиялар 
Canon, Hewlett-Packard фирмалары пайдаланады. Газды көпіршіктер 
тəсілін 
іске 
асыратын 
принтерлерді 
баспа 
тетігінде 
пьезоэлектрикалық технологияларды пайдалануға қарағанда, 
конструктивті элементтері аз болады. Осындай принтерлердің 
беріктігі мен ресурстары жоғары болып келеді. Сонымен қатар, 
көпіршікті 
технологияларды 
пайдаланумен 
басып 
шығару 
қабілетінің ажыратымдылығын жоғарылатуына мүмкіндік береді. 
248 


Баспа тетігі газды көпіршіктер тəсіліне негізделген бүріккіш 
принтерлерді қолдану жартылай түсті графикалық кескінсіз 
кестелер, гистограмма жəне басқа да графикалық ақпараттарды 
басып шығаруға қажет кезінде мақсатқа сай болады. Аса сапалы 
баспа жасау үшін 
Drop-on-Demand тәсілді 
бүріккіш принтерлерін 
таңдаған жөн. 
Hewlett-Packard фирмасымен өндірілген Drop-on-Demand тəсілі, 
қағазға резервуардан сияны тарату үшін қыздыру элементімен 
газды көпіршіктер тəсіліне сəйкес пайдаланылады. Алайда, Drop- 
on-Demand тəсілінде сияны қосымша тарату үшін мынадай 
физикалық құбылыстар негізінде іске асырылған арнайы тетік 
қолданылған. 
Әдеттегідей, сұйық фаза бөлшектерінде сфераны қолдайтын 
үстіңгі керіліс болады. Оқталған бөлшектерде сияның үстіңгі 
керілісі төмендейді, бұл бөлшектердің ұсақталып бөлінуіне алып 
келеді. Бөлшектердің құрамы жаңқалану болып келеді, сияның ұсақ 
дисперстік бөлшектерін алу үшін пайдаланады, олар тұмсықшаның 
шығу тесігіне түседі де электрикалық сигналдармен басқарылады. 
Drop-on-Demand тəсілі сияны тез-тез баспаны қамтамасыз етеді, 
бұл баспаның сапасы мен жылдамдығын арттырады. Осы жағдайда 
түсті кескінді шығару ұсынылмайды. Осы технологияда сия 
бөлшектермен басқару оларды электр тоғымен реттеу жолымен 
тұрақты 
ауытқу 
алаңы 
кезінде 
жүргізіледі. 
Сондықтан, 
тұмсықшадан шыққан əрбір бөлшек электр зарядының түрлі 
шамасында «өзінің» ақпаратын алады. Бұл жоғары жылдамдық пен 
баспаның сапасын қамтамасыз етеді. 
Түсті баспада қазіргі уақытта бүріккіш технологияларды көбірек 
қолданады. Баспада бастиек түсті болуы мүмкін жəне оның 
тұмсықшасында тиісті саны болуы керек. Толық түсті суретті құру 
үшін түсті схемасы полиграфия үшін стандартты CMYK 
пайдаланады. Осы схемаға сəйкес түсті сурет үш негізгі бояуларды 
бір бірінің үстіне қоюмен баспаны шығаруды қалыптастырады.: 
жасыл-көк 
(Cyan), 
қызылкүрең 
(Magenta) және сары (Yellow). 
Теориялы түрде осы жиналған түстер қара түс беретіні анық, алайда 
тəжірибеде көп жағдайда сұр немесе қоңыр болады. Сондықтан 
негізгі түстердің төртіншісіне жетекші түс 
Key
— қара 
(Black) 
қосылады. 
Осындай түсті модельді CMYK 
(Cyan-Magenta-Yellow-Key) 
деп атайды
Түрлі түстердің реңдері суреттер бөлігіне тиісті 
түстердің сұйылту мен қойылту жолымен алынуы мүмкін (ұқсас 
тəсіл монохромды суреттерді шығару кезінде сұр түсті əртүрлі 
реңдерді алу үшін пайдаланады). 
249 


Бүріккіш түсті баспалардың сапасы типографияда жасалған толық 
түсті плакаттан айыра алу мүмкін емес. 
Бүріккіш принтердің бастиегімен басқарылатын қозғалтқыштан 
шығатын шудың деңгейі матрицалық принтерге қарағанда 
төменірек. Тұмсықша саны көп бүріккіш принтерлерді модельдер 
үшін баспа сапасы лазерлі принтер баспа сапасынан кем емес. 
Бүріккіш принтерлердің сия тамшысының минималды көлемі 
шамамен 1 ... 1,5-ден 4 ... 5-ке дейін пиколитр, ал кейбір принтер 
модельдері 1 пиколитрдан асып кетеді (
жу а н 
дығы бойынша 
адамның шашының бірден он бөлігін құрайды, яғни шамамен 1/100 
мм). 
Бүріккіш принтердің негізгі кемшілігі тұмсықша ішінде сияның 
қатуы болып табылады. Осы жағдайда, басатын бастиекті ауыстыру 
қажет. Бүріккіш принтердің көптеген моделдерінде парковка 
режимі бар. Бұл ретте баспашы бастиегі принтер ішінде бастапқы 
орнына қайтады, сонымен сияның қатуынан сақтайды. Кейбір 
бүріккіш 
принтерлерде 
тұмсықшаны 
тазалайтын 
арнайы 
құрылғылары бар. 
ДК бүріккіш компьютерді қосуды USB порты арқылы жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет