Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Кесте 2.1. Әр түрлі стандартты аналық тақталардың негізгі типтік



Pdf көрінісі
бет20/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Кесте 2.1. Әр түрлі стандартты аналық тақталардың негізгі типтік 
өлшемдері 
Белгіленуі 
Өлшемі, см 
Ескертпе 
Baby-AT 
33,0 x 22,5 
Ескірген 
Half Size 
24,4 x 21,8 
386 жəне 486 CPU бар ДК арналған мини-тақта; 
Slimline корпусы үшін жарамды 
LPX 
33,0 x 22,9 
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне 
Slimline арналған 
Mini-T.PX 
26,4 x 20,1 
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне 
Slimline арналған 
ATX 
30,5 x 24,4 
АТХ корпустарына арналған 
Mini-ATX 
28,4 x 20,8 
Кішірейтілген биіктіктегі АТХ корпустарына 
арналған 
MicroATX 
24,4 x 24,4 
Кішірейтілген биіктіктегі АТХ корпустарына 
арналған 
Flex-ATX 
22,9 x 19,1 
Шағын корпустар 
NLX 
34,5 x 22,9 
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне 
Slimline арналған 
Mini-NLX 
25,4 x 20,3 
Кішірейтілген биіктіктегі корпустарға жəне 
Slimline арналған 
WTX 
35,5 x 42,545 
Жоғары өнімді жұмыс станциялары жəне орта 
деңгей серверлері 
BTX 
35,2 x 26,7 
Үстелдік ДК корпустарына арналған 
MicroBTX 
26,7 x 26,4 
— 
PicoBTX 
26,7 x 20,3 
— 
34 


Жүйелік тақтаны таңдаған кезде оның өлшемдерін ДК корпусының 
типімен келісіп алу керек, ал оны орнату кезінде қысқа тұйықталу 
болмас үшін корпустың түбімен жəне жақтық металл панельмен 
жанасуды болдырмау керек. 
Ж ү й е л ік ж ү й е ні ң ф орм ф а к т ор ы — ондағы негізгі 
микросхемалардың, слоттардың орналасуының ортақ стратегиясы
оның формасы мен өлшемі. 
1995 ж. Intel корпорациясы жүйелік тақта мен ДК корпусы үшін 
АТХ спецификациясын ұсынды. 
2.5 суретте ATX 2.1 спецификациясына сəйкес ДК негізгі 
элементтерінің орналасуы көрсетілген. Осы АТХ спецификациясы 
нұсқасының ерекшелігі болып қоректену блогы жүйелік тақта артына 
шығарылуы табылады, ол процессордың суыту жүйесінің үлкен 
өлшеміне байланысты. 
АТХ жүйелік тақтасының барлық артықшылықтары ол тиісті 
корпусқа орналастырылғанда көрінеді. 
2.5 
-сурет. Негізгі элементтерінің жүйелік тақтада жəне АТХ формфакторының ДК 
корпусында орналасуы 
35 


АТХ жүйелік тақталарының мынадай модификациялары жасап 
шығарылған: Mini- ATX, Micro АТХ, Flex ATX. 
1997 жылы Intel корпорациясымен жаңа NLX стандарты ұсынылды, 
ол АТХ стандартының содан кейінгі дамуы болды. NLX стандартына 
сəйкес ДК-де ризер-карта орнатылады, оның стандарт слоттары PCI 
жəне ISA болады, оларға барлық қажетті кеңейту карталары 
орнатылады. Ризер-картаның негізгі айырмашылығы ол аналық 
тақта NLX Riser Connector деп аталатын арнайы слотқа 
орнатылатындығында. Бұл жалғағышта тек ақпараттық шина ғана
емес, сонымен бірге қорек шинасы болады. Сонымен орнатылып 
болған соң жүйелік тақта автоматты түрде қорек шинасына қосылған 
болады. Ризер-картада ертеректе жүйелік тақтада орналасқан əр түрлі 
жалғағыштар орналасады — IDE, FDD, USB, қоректену блогының 
жəне т.б. 
2.6 
-сурет. Элементтердің ВТХ спецификациясына сəйкес жүйелік тақтада 
орналасуы 
36 


1998 ж. Intel компаниясымен жоғары өнімділікті жұмыс 
станциялары 
мен 
серверлері 
үшін 
WTX 
формфакторы 
компьютерінің стандарты жасап шығарылды. 
2004 ж. Intel корпорациясы жаңа жоғары өнімділікті 
процессорлар үшін АТХ стандартының дамуы болып табылатын 
BTX спецификациясын жариялады. Спецификацияны жасағанда 
суыту жүйесін жетілдіру, жүйелік тақтаның механикалық 
төзімділігін 
арттыру, 
жүйелік 
тақтаға 
енгізу-шығару 
интерфейстерін қосу тəсілдерін стандарттау тапсырмалары 
қойылды. 
2.6 суретте жүйелік тақтада ВТХ спецификациясына сəйкес 
элементтердің орналасуы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет