4-
ТАРАУ
АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ
ҚҰРЫЛҒЫСЫ
4.1.
МОНИТОРЛАР
Ақпаратты бейнелеу құрылғыларына мониторлар, сонымен
қатар мультимедиялық немесе презентациялық мəселелерді шешуге
бағытталған
құрылғылар
жатады:
көлемді
кескіндерді
(стереоскопиялық) қалыптастыру құрылғылары мен проекторлар.
Монитор экранға мəтіндік жəне
графикалық ақпаратты
шығаруға арналған ДК міндетті элементі болып табылады.
Сəйкесінше монитор екі режимде жұмыс жасай алады: мəтіндік
жəне графикалық:
■
Мәтіндік режимде экран белгі орындарына бөлінеді, олардың
əрқайсысына ASCII стандартының кестесінің 256 таңбасының
бірі шығарылады;
■
графикалық режимде экранға кескіндер пиксельдер бойынша
шығарылады.
Қазіргі заманғы мониторлардың түрлері үлкен алуан
түрлілігімен ерекшеленеді.
ДК арналған барлық мониторларды
әрекет қағидасы бойынша
екі үлкен топқа бөлуге болады:
■
кинескоп деп аталатын, электронды-сəулелік түтік негізінде
(ЭСТ) — CRT (
Cathode- Ray Tube);
■
жазық тақталы, олар көп жағдайда
сұйық кристалл негізінде
жасалған, — LCD
(Liquid-Crystal Display).
Бұдан басқа, ДК арналған мониторлар шығаратын ақпарат түрі,
экран түрі, бейнелеу өлшемділігі, видеоадаптер мен интерфейсті
кабельдің түрі бойынша жіктеледі.
118
4.1.1.
ЭСТ негізіндегі мониторлар
Монитордың бұл түрінде қолданылатын технология 1897 жылы
айнымалы тоқты өлшеу үшін, яғни осциллограф үшін неміс ғалымы
Фердинанд Браунмен жасап шығарылған..
ЭСТ-монитордың құрылымы ішінде вакуумы бар шыны түтікті береді
(4.1-сурет). Маңдай алды жағынан түтік
шынысының ішкі жағы
люминоформен қабатталған.
Люминофор — бұл өзінің зарядталған бөлшектерімен бомбылау
кезінде жарық шығаратын зат. ЭСТ-мониторда кескін түзу үшін
электрондық зеңбірек қолданылады, ол түрлі түсті люминофорлы
нүктелермен жабылған монитордың шыны экранының ішкі бетіне тор
немесе металл маска арқылы электрондар ағынын шығарады. Электрондар
люминофорлы қабатқа түседі, одан кейін электрондар энергиясы жарыққа
айналады, яғни электрондар ағыны люминофордың нүктелерін
сəулеленуге мəжбүр етеді. Люминофордың бұл жарқыраған нүктелері
мониторда кескін қалыптастырады.
Ереже бойынша, түрлі-түсті ЭСТ-
мониторда монохромды мониторларда қолданылатын бір зеңбіректен
айырмашылығы үш электрондық зеңбірек қолданылады.
Шоқ электрондар жолында əдетте қосымша электродтар болады: шоқ
электрондар қарқындылығын жəне онымен байланысты кескін
жарықтығын реттейтін модулятор; жарық дағының өлшемін анықтайтын
фокустаушы электрод; шоқ бағытын өзгертетін ауытқытушы жүйенің ЭСТ
шарғы негізінде орнатылғандар. Монитор экранындағы кез келген мəтіндік
немесе графикалық кескін пиксель деп аталатын жəне кескін-растрының
4.1-сурет. ЭСТ-монитордың құрылымдық схемасы
119
ең кіші элементін беретін люминофордың көптеген дискретті нүктелерінен
тұрады.
Мониторда растрдың қалыптасуы ауытқытушы жүйеге келіп түсетін
арнайы сигналдардың көмегімен жасалады. Бұл сигналдардың əрекет
етуімен 4.2-суретте көрсетілгендей сол
жақтағы жоғарғы бұрыштан
төменгі оң жақтағыға дейін иректелген траектория бойымен экранның
бетімен сəулені сканерлеу жасалады. Горизонталь бойынша сəуле жүрісі
жолдық (горизонталь) жайма сигналымен, ал тігінен – кадрлік (тік)
жаймамен жүзеге асырылады. Жолдың шеткі оң жақ нүктесінен келесі
жолдың шеткі сол жақ нүктесіне (горизонталь бойымен сəуленің кері
жүрісі) жəне экранның соңғы жолының шеткі оң жақ орнынан бірінші
жолдың шеткі сол жақ орнына (тігінен сəуленің кері жүрісі) сəулені
ауыстыру кері жүрістің арнайы сигналдары арқылы жүргізіледі.
Жолдар
бойымен сəуленің қозғалысына қарай модуляторға берілетін бейнебелгі
жарық дағының жарықтығын өзгертеді жəне экранда көрінетін бейне
түзеді. Монитордың айыру қабілеті горизонталь бойынша жəне тігінен
елестете алатын кескіннің элементтер санымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: