Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет81/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Графикалық режим қазіргі заманғы ДК видеожүйесінің жұмысының 
негізгі режимі болып табылады, мысалы Windows басқарумен. 
Графикалық режимде монитор экранына мəтін, сурет, фотосурет, 
жандандыруды немесе видеосюжетті шығаруға болады. Графикалық 
режимде кадрлы буфердың əр ұяшығында (л-разрядты сандардың N х
матрицасы) экранның сəйкес пикселінің түсінің коды болады. Бұл кезде 
экран ажыратымдылығы да Nх M тең болады. Экранның адрестелетін 
элементі кескіннің ең кіші элементі – пиксел болып табылады. Осы себеп 
бойынша графикалық режимді АРА режимі деп те атайды (АЛ Poimt 
Addressable — барлық нүктелер адрестелетін). Кейде л санын түс тереңдігі 
деп атайды. Бұл кезде бір уақытта бейнеленетін түстер саны 2л тең, ал 
ажыратымдылығы Nх M жəне түс тереңдігі л түрлі түсті кескінді сақтау 
үшін қажетті кадрлы буфер өлшемі Nх M бит құрайды. 
Мәтіндік режимде, графикалықтағы секілді монитор экранындағы 
кескін көптеген пиксельді береді жəне Nх M ажыратымдылығымен 
сипатталады. Алайда барлық пикселдер белгі орындары немесе таңбалық 
орындар деп аталатын топтарға бөлінген, 
168 


(Character boxes — таңбалы ұяшықтар), өлшемі рх q. Белгі 
орындарының əрқайсысында 256 таңбаның біреуі көрсетілу мүмкін. 
Осылайша, экранда əрқайсысының N/p = N
t
таңбалары бойынша 
таңбалы жолдар M/q = M
t
 азаяды. Әдеттегі мəтінді режим 80 х 
25 таңбалар режимі болып табылады. 
Әр белгі орнының шегінде таңбаның кескіні нүктелі
матрицамен (Dot Matrix) беріледі. Матрица өлшемі видеоадаптер 
түрі мен ағымдағы видеорежимге байланысты. Таңбаны бейнелеу 
үшін қаншалықты көп нүкте қолданылса, соншалықты кескін 
сапасы жоғары жəне мəтін жақсы оқылады. Таңба кескінін 
қалыптастыратын матрица нүктелері алдыңғы план деп аталады, ал 
қалғандары – артқы план немесе фон. 4.22-суретте 8 х 8 пиксельді 
таңбалы матрица көрсетілген. Қарақоңыр торға логикалық бірлік, ал 
ашық түстіге – логикалық нөл сəйкес келеді деп ойласақ, таңбалы 
матрицаның əр жолын екілік сан ретінде елестетеміз. Сəйкесінше, 
таңбаның графикалық кескінін екілік сандар жиынтығы түрінде 
сақтауға болады. Бұл мақсат үшін видеоадаптер тақшасында 
орналасқан арнайы ТЖҚ қолданылады. мұндай ТЖҚ аппаратты 
белгі генераторы деп аталады. 
256 таңбалы кескіндер жиынтығы қаріп деп аталады. Аппаратты 
белгі генераторы компьютер қосылғаннан кейін автоматты түрде 
бірден видеоадаптермен қолданылатын қаріпті сақтайды (əдетте 
бұлар ағылшын алфавитінің əріптері жəне арнайы таңбалар 
жиынтығы). Белгі генераторының ұяшығының адресі таңбаның 
реттік нөмірі болып табылады. 
Экранда таңбаның кескінін кодтау үшін екі байт қолданылады: 
біреуі – таңбаның нөмірін бері, екіншісі – таңба атрибутын көрсету 
үшін (таңба мен фонның, астын сызудың, жыпылықтаудың, 
меңзерді бейнелеудің түстері). Егер экранда NхM белгі орындары 
болса, онда кескінді сақтау үшін қажетті видеожады көлемі N
t
х M
t
 
х 2 байтты құрайды. 
4.22 
-сурет. Белгі генераторының ұяшығы мен 9 х16 матрицада мəтіндік режимде
«А» таңбасының ұсыну схемасы 
169 
0 0 0 1 1 1 0 0 
0 0 1 1 0 1 1 0 
0 1 1 0 0 0 1 1 
0 1 1 0 0 0 1 1 
0 1 1 1 1 1 1 1 
0 1 1 0 0 0 1 1 
0 1 1 0 0 0 1 1 
0 0 0 0 0 0 0 0 


Видеожадының бұл облысын видеобет деп атайды. Видеобет 
кадрлы буфердың графикалық режиміндегі аналогы болып 
табылады, бірақ көлемі айтарлықтай кіші. 
Ең көп таралған мəтіндік режимде (80 х 25 символ) видеобеттің 
өлшемі 4 000 байтты құрайды, 40 х 25 режимінде — 2 000 байт. 
Тəжірибеде адрестеу ыңғайлылығы үшін видеобетке сəйкесінше 4 
кбайт = 4 096 байт жəне 2 кбайт = 2 048 байт бөледі, бұл кезде 
«артық» байттар (96 мен 48) қолданылмайды. 
Мəтіндік режимнің басты ерекшелігі экранның адрестелетін 
элементі пиксель емес, белгі орны болып табылады. Басқа сөзбен 
айтқанда, мəтіндік режимде экранның кез келген орнында кез 
келген кескінді қалыптастыру мүмкін емес – тек қана берілген 
жиынтықтан, тек қана тағайындалған таңбалы орындарда 
таңбаларды көрсетуге болады. 
Мəтіндік режимнің басқа маңызды шектеуі тар түс бояуы болып 
табылады – берілген режимде 16 артық емес түс бейнеленеді. 
Осылайша, мəтіндік режимде графикалыққа қарағанда, 
ақпаратты бейнелеу үшін барынша аз мүмкіндіктер ұсынылады. 
Алайда мəтіндік режимнің маңынды артықшылығы – оны жүзеге 
асыру үшін ПК ресурстарының аз шығыны. 
Аса жоғары ажыратымдыққа жəне түстің үлкен тереңдігіне көшу 
енгізу-шығару шинасы мен орталық процессордың жүктемесінің 
көбеюіне əкелді. Орталық процессордың босату мақсатында кескін 
тұрғызудың бөлек тапсырмаларын шешу графикалық үдеткіш, 
немесе 
акселератор 
деп 
аталатын 
видеоадаптердың 
микросхемасының мамандандырылған жиынтығына (Chipset) 
жүктелді. Акселератор кескін тұрғызуға бағытталған амалдар 
қатарын аппаратты жолмен орындайды. 
4.4.2. 2D- және 3D-акселераторлары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет