Орта SATA-дисктер өзінің алдағы өткендерден екі есе жылдамырақ.
USB
(Universal Serial Bus) — əр түрлі құрылғылардың деректер
алмасуға арналған тізбектес интерфейс. Бір
шина бойынша деректер мен
қоректену тасымалданады. USB-құрылғылар өзінің жеке қорек көзі
болмауы мүмкін: ең көп ток күші — 500 мА USB 2.0 үшін жəне 900 мА
USB 3.0 үшін. Тəжірибеде 1,8 жəне 2,5 дюйм типтік өлшемдегі сыртқы
қатқыл дисктер қоректі USB- кабель бойынша алатындығын білдіреді; 3,5-
дюймдік сыртқы дисктер жеке қорек блогын талап етеді.
Сыртқы диск
USB жалғағышы арқылы жалғанатынына жəне «USB HDD қатқыл дискі»
ретінде жайғастырылатынына қарамастан құрылғы ішінде қарапайым
SATA винчестер мен арнайы SATA-USB контроллері болады.
USB өте кең таралған. Ең көп таралғаны USB 2.0 нұсқасы. USB 3.0 де
стандартқа айналуда. Тест көрсеткендей USB 3.0 шынайы жылдамдығы —
380 Мб/с дейін.
Thunderbolt (алғашында әйгілі болған Light Peak) — ДК-ге
перифериялық
құрылғыларды
жалғауға
арналған
перспективалы
интерфейс. USB, SCSI, SATA жəне FireWire
сияқты интерфейстерді
алмастыру үшін Intel фирмасымен шығарылған. фирмасымен қолдау
табады.
Деректерді тасымалдау жылдамдығы — 10 Гбит/с дейін, кабельдің ең
көп ұзындығы — 3 м. Көптеген құрылғылармен біруақытта қосыла алады,
əр түрлі хаттамаларды сүйемелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: