6-
ТАРАУ
АҚПАРАТТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
6.1.
ПЕРНЕТАҚТА
ДК көмегімен ақпаратты өңдеу үшін
пайдаланушы ақпаратты
компьютерге енгізу керек. Деректерді енгізу мен жүйені
басқарудың негізгі құрылғылары пернетақта, тінтуір, джойстик
болып табылады. Сканер,
цифрлық камера, дигитайзер, сенсорлы
панель секілді ақпарат енгізу құрылғылары кеңінен таралды.
Пернетақта (Keyboard) ДК ақпарат
енгізудің негізгі құралы
болып табылады, алайда тінтуір басқару функцияларын орындауды
өзіне көп алады.
Пернетақтаның əрекет ету принципі 6.1,
а-суретте көрсетілген
.
Пернетақтаның негізгі элементі клавиштер болып табылады.
Клавишті басқан кездегі сигнал пернетақта бақылаушысымен
тіркеледі жəне скэн-код деп аталатын түрде
аналық тақшаға
жіберіледі. Скэн-код – бұл бір байтты сан, оның кіші 7 биті əр
клавишаға меншіктелген сəйкестендіру нөмірін береді. ДК аналық
тақшасында пернетақтаны қосу үшін
сонымен қатар арнайы
бақылаушы қолданылады.
Скэн-код
пернетақта
бақылаушысына
келіп
түскенде,
аппараттық бұзылу инициалданады, процессор өзінің жұмысын
тоқтатады жəне скэн-код талдайтын рəсімді орындайды. Скэн-код
таңба кодына ауыстырылады (ASCII деп аталатын кодтар). Бұл
кезде өңдейтін рəсім енгізетін кодты дұрыс алу үшін бірінші
клавиштар мен ауыстырып-қосқыштың орнатуын анықтайды
(мысалы, «ф» немесе «Ф»). Содан соң енгізілген код 15
дейін
енгізілетін таңбаларды сақтай алатын жады аумағы болып
саналатын пернетақта буферіне орналастырылады. Пернетақта
бақылаушысы жүйе жүктеу процесі
кезінде өзін-өзі бақылау
функцияларын орындайды.
199
6.1-сурет. ДК пернетақтасы:
а — пернетақтаның əрекет ету принципі;
б — пластмасса істіктермен пернетақта
жұмысы
Жүктеу кезінде өзін-өзі бақылау процесі пернетақтаның үш
индикаторының бір рет жыпылықтауымен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: