Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет81/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Лопе де Вега (1562-1635)


Қайта өрлеу дәуіріндегі испан реалистік театрының жоғары даму сатысына көтерілуі драмашы Лопе де Вега шығармашылғымен тығыз байланысты.


Лопе Фелис де Вега Карпьо 1562 жылы қараша айының 25-жұлдызында Мадрид қаласындағы қолөнерші отбасында туады. Оның әкесі Фелис де Вега Астура шаруаларының бірі болатын. Жұмыс іздеп Кастилияға келген. Лопе Фелис 1573 жылы иезуиттер мектебінде, кейін Алькала де Энараси университетінде білім алады. 1576 жылы әкесі қайтыс болған соң, оқуды тастауға мәжбүр болады. Лопе Фелис осы дәуірдің бай, дәулетті адамдарының қолында хатшылық қызмет атқарады. Ол жастайынан өлең жазу талантын байқайды. 1588 жылы атақты суретшінің қызы Изабел де Урбинаға үйленеді. Осы жылы Лопе де Вега «Жеңілмейтін Армада» флотының Англия жағалауына жасаған жорықтарына қатардағы әскер ретінде қатысады. Жас ақын кеме палубасында «Анжеликаның сұлулығы» (1588) поэмасын жазады. Жеңіліспен аяқталған бұл жорықтан оралған Лопе бірнеше жыл (1589-1593) Валенсияда жасайды, соң Кастилияда, Мадридте тұрады. Осы уақыттан бастап ол жаңа рухта жазылған комедияларымен испан ұлттық драмасының қалыптасуына және дамуына негіз салады.
Лопе де Вега өте білімді жан болған. Ол әр түрлі жанрларда өз
талантын сынап көреді. Сонет, романс, қасида, поэма, пастораллалар, хикая, роман және драмалық шығармалар жазады. Лопе де Вега өзінің бір комедиясында жазған пьесаларының саны 1500 болғандығын ескертеді. Драмашы өлімінен соң, оның өмірбаянын құрастырған шәкірті Перес де Монтальван болса Лопенің барлық пьесасы 1800 екендігін көрсетеді. Бұған қосымша тағы 400 діни мазмұндағы пьесалар жазғандығы белгілі. Жазушының осы уақытта табылған және жарияланған пьесаларының саны 500-ге жақын, соның 50-і діни тақырыптағы пьесалар.
Лопе де Вега драматургия саласында үлкен даңққа бөленеді. Өмір деректерін көп білуі оның тарихи, аңыздық және заманагөй тақырыптарда түрлі пьесалар жазуына мүмкіндік берді.
Жазушының драматургия саласына қатысты ой-пікірлері
«Комедия жазудағы жаңа өнер» (1609) атты өлеңмен жазылған туындысында анық баяндалған. Мұнда ол ХVІІ ғасырдағы итальян классицист теорияшылары тарапынан белгіленген көп қағидаларға қарсы шығады.
Лопе де Веганың «Жаңа өнері» испан ұлттық драмасының негізгі қағидаларын белгілеп берді. Ол әрекет бірлігін сақтай отырып, әдебиеттің дамуына кедергі болатын орын және уақыт бірлігінен бас тартады. Өнерді шектеп қоятын антикалық әдебиет нормаларын формал түрде көшіріп алған итальян классицист теорияшыларының барлық әрекетті тек бір ғана қаһарман айналасына топтастыру сияқты принциптеріне қарсы шығып, ол ішкі бірлікке, шығармадағы негізгі мақсаттың толықтығына ерекше назар аударды. Пьесада бірнеше эпизод яки сюжет жолы болуы мүмкін, бірақ олар басты мәселені шешуге жәрдем беруі тиіс деді.
Лопе де Вега және оның драмалық мектебін қолдаушылар пьесада дәл өмірдегі сияқты қайғы мен күлкіні араластыра суреттеу қажет екендігін көрсетті. Өз эстетикалық пікірлерінің шынайы мазмұнын белгілей отырып, Лопе комедияны «өмір айнасы» деп атады. Ол еркін шығармашылық үшін жазушыны классицизм қағидаларына бағынбауға шақырады. «Қайғыны күлкімен» араластыра отырып, әрекет орнын өзгерту, уақыттан еркін пайдалану принципін де ұсынады.
«Маған комедия жазу керек болса, - дейді Лопе «Жаңа өнерде»
- мен барлық қағидаларды үш құлыппен мықтап бекітемін де, өз бөлмемнен Плавт пен Теренцийді шығарып жіберемін».
Драмашының бұл пікірлері заман талабы мен халық мүддесіне сай шынайы туындылар жазу тілегінен туындағаны сөзсіз. Лопе де Вега пьесаның көлемі, көріністері туралы пікірлерінде оны 5 актіденн
3 актіге дейін қысқартады. Шығармадағы тартыс, интриганың өткірлігі мен пьеса түйінінің шешілуі туралы да өз көзқарасын білдіреді. Лопенің драма туралы мұндай пікірлері классицизмді қолдаушылардың күшті қарсылығына ұшырайды. Бірақ, көп уақыт өтпей, оның испан ұлттық драмасы туралы эстетикалық көзқарастары мен драмалық шығармалары үлкен даңққа бөленіп, антикалық және классицист жазушылардың туындыларын сахнадан ығыстырып шығарады.
Лопе де Вега пьеса композициясының ізшілдігі, диалог өнерін өзінен бұрын өмір сүрген жазушылардан үйренуі, орта ғасырдағы халық театры дәстүрлерінен пайдалануы нәтижесінде Қайта өрлеу дәуіріндегі көңілді мотивтерді бейнелейтін шығармалар жазды. Лопе де Вега 1635 жылы қайтыс болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет