208
халық Реформация әрекетіне төңкерісшіл сипат берді, 1525 жылы
бұл қозғалыс Ұлы шаруалар көтерілісіне ұласты. Лютердің шіркеуге
қарсы көтеріліске шақыруы екі үлкен
саяси қозғалысқа себепші
болды. 1523 жылы Франц фон Зикинген бастаған төмен дәрежелі
дворяндар бас көтерсе, 1525 жылы Ұлы шаруалар көтерілісі
басталды. Бұл саяси қозғалыстың екеуі де қала буржуазиясының
тұрақсыздығы нәтижесінен жеңіліске ұшырады.
Германияда гуманистік әрекет
XV ғасырдың ортасында
пайда болды. Неміс гуманистері грек және Рим классиктерінің
шығармалары арқылы көне дүние адамдарының дүниетанымымен,
тұрмысымен танысты, соның нәтижесінде көне дүниенің «жарқын
образдары алдында орта ғасырлардың бейнесі көмескіленіп қал
ды».
Неміс гуманистерінің феодалдық-шіркеу озбырлығына қарсы
күрестері
дін жамылғысы астында өтіп, Реформация әрекетімен
байланысып кетті.
Неміс гуманистері XV ғасыр бастарында діни мәселелермен
де айналысты. Олар «қасиетті кітаптарды» терең үйрену үшін
классикалық филологияны пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: