225
қалыспайтын. Кальвиннің гуманистерге, сонымен бірге Раблеге де
шүйлігуі осыдан еді.
Кітаптағы
адамның табиғи жағдайы, табиғаттың ұлы
жаратушылық құдіреті туралы пікірлер де назарға лайық..
«Физис (табиғат) Гармония пен Сұлулықты туған бір кезде, оның
ежелгі дұшпаны болған Антифизис (теріс табиғат)
оған қасақана
Жамандық пен Надандықты туады. Соңынан алаяқтар, жылпостар,
дінсіздер, кальвиншілер, арамтамақтар және басқа да залымдарды
дүниеге әкеледі. Демек, дін - адамның табиғи арман-тілектеріне кері
жағдайда пайда болған Антифизистің қылмысы. Ол бір-біріне қарсы
тұрған діни ағымдар - папашылар (католиктер) мен кальвиншілерді
(протестант) де дүниеге әкелген. Сұлулық әрқашан өмір сүреді,
оған кері туғандардың барлығы өткінші, өмірі қысқа» деген пікір
кітаптың негізгі идеялық мазмұнын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: