302
мен Лауренсия ауыр қиыншылықтарды жеңуге қабілетті,
батыл
және бір-біріне адал, олар өз бақыттарын залымға қарсы күрес
идеясымен байланыстырады. Қыздың әкесі ақсақал Эстебан мен
Фрондосоның әкесі шаруа Хуан аңғал, момын жандардан озбырға
қарсы бас көтерген белсенді күрескерге айналады.
Менго батырақ та өзіне тән тип. Сүйіктісіне (Хасинта)
байланысты командордан көп жәбірлік көрген бұл жас жігіт
сақтықпен қимылдайды. Әкімге
қарсы ашық әрекет жасамауға
үндейді. Бірақ командор зұлымдығына шыдау мүмкін болмай қалған
кезде, ол халықты қарулануға, залымның көзін құртуға шақырады.
Ең ауыр сәттердің өзінде де Менго тапқырлығымен ерекшеленеді.
Тергеу уақтындағы оның әрекеті көрерменде біресе үрей, біресе
күлкі туғызады. Соттың «Оны кім өлтірді?» деген сұрағына Менго:
«Фуентус Овехунский», яғни «Қой қайнарының» шаруалары өлтірді
деп жауап береді.
Лопенің жаңашылдығы мен халыққа жақындығы оның жасаған
образдарының еңбекші халық өкілдері болуында және олардың
мақсатының зұлымдықтан құтылып, еркіндікте жасауында
жатыр. Бұған ерісу жолы - көтеріліс.
Еңбекші халық феодалдық
зұлымдыққа қарсы күресте король өкіметінен жәрдем күтеді, бірақ
жазушы шаруалардың бұл арманының мүмкін еместігін көрсетеді.
Корольдің өлтірілген командор орнына жаңа, одан да жауыз әкімді
жіберу керектігі туралы сөзі бұған жақсы дәлел бола алады.
«Қой қайнары» - Лопе де Веганың халық көтерілісін шынайы
бейнелеген, демократиялық рухтағы ең көрнекті драмасы.
Лопе де Вега Испанияда жеке биліктің дағдарысы және
феодалдық-католиктік озбырлықтың күшейген дәуірінде өмір сүріп,
шығармашылықпен айналысты. Ұлы қаламгер Лопе осы тұңғиықта
ақиқат жолын іздеді, зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы гуманистік
идеяларды үлкен ерлікпен қорғады. Халықтың өз тағдырын өз
қолына алуы, өз бостандығы үшін күресі тақырыбын суреттеуі
оның шығармашылығының демократиялық сипатын белгіледі. Сол
себепті Лопенің жауынгерлік рухтағы туындылары Испанияда билік
жүргізген кертарпа топтардың қарсылығына ұшырайды.
Лопе де Вега драматургиясына
қызығушылық Ресейде
ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарында басталды. Сумароков оның
шығармашылығын жоғары бағалап, оны ағылшын жазушылары
Шекспир, Мильтон, итальян жазушылары Тассо және Ариостомен
303
бір қатарға қояды. ХІХ ғасырдың
бастарында испан әдебиеті
мен театрын үйрену тағы да күшейеді. Пушкин «Әдебиеттің
халықшылдығы туралы» (1825) атты мақаласында Лопе де Веганы
халық арманын бейнелеуші деп бағалайды. В.Г.Белинский «испан
драмасы Лопе де Вега және Кальдерон сияқты жазушылармен
мақтануы тиіс» екендігін айтты.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап ұлы драмашының
пьесаларын орыс тіліне аудару күшейеді. 1870-1880 жылдар
«Фуэнте Овехуна» («Қой Қайнары»), «Севиль жұлдызы»
пьесаларын сахналастыру мәдени өмірдегі үлкен оқиға болды.
Кейін «Шалғындағы ит», «Фенисаның налалары»
пьесалары да
орыс сахнасында қойылады. Оның «Валенсия жесірі», «Севиль
жұлдызы», «Шалғындағы ит», «Би мұғалімі» сияқты 30-дан аса
драмалары мен комедиялары тек орыс тілінде ғана емес, ал украин,
белорус, армян, грузин, әзірбайжан, қазақ тілдерінде де сахнаға
қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: