Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет12/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Монодик лирика
Поэзияның қарапайым түрлерiне жататын ямб және 
элегиялармен қатар б.з.б. VII-VI ғасырларда монодик лирика да 
кең таралды. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, поэзияның бұл түрi 
халық ауыз әдебиетi мен музыканың тығыз әсерiнде пайда болды. 
Сондықтан, монодик лириканың ерекшелiктерi тек музыка әуенiмен 
ғана белгiленген. Бiрақ антик музыкалық әуендердiң жойылып 
кеткендiгiне байланысты осы топтағы лирикалық шығармалардың 
көркемдiк ерекшелiктерi туралы пiкiрлерiмiздi өлеңнiң құрылысы, 
сөз қолдану ыңғайы жайлы әңгiмемен ғана шектеймiз. Бұл жанрдың 
көрнектi өкiлдерi Кiшi Азияның батыс жағалауындағы үлкен Лесбос 
аралында туып өскен екi ұлы ақын – Алкей мен Сапфо. Олар 
монодик лириканы жанр ретiнде орнықтырып, оның мазмұнын 
тереңдеттi. Алкейден кейiн дүние жүзiлiк поэзияда мәңгi орнығып 
қалған өлең құрылысы әлiге дейiн осы ұлы ақынның есiмiмен 
аталады. Оның формасы төмендегiдей: 


53
∪ − ∪ − ∪ − ∪ ∪ − ∪ −
∪ − ∪ − ∪ − ∪ ∪ − ∪ −
∪ − ∪ − ∪ − ∪ − ∪
− ∪ ∪ − ∪ ∪ − ∪ − ∪
Сапфо поэзиясында лириканың бұл түрiнің бұдан да жетіле 
түскендігін байқаймыз. Оны мына өлең құрылысынан байқауға 
болады:
− ∪ − ∪ − ∪ ∪ − ∪ − ∪
− ∪ − ∪ − ∪ ∪ − ∪ − ∪
− ∪ − ∪ − ∪ ∪ − ∪ − ∪
− ∪ ∪ − ∪
Алкейдiң отаны - Лесбос аралының астанасы болған Митилена 
қаласы. Ақын шамамен б.з.б. VII-VI ғасырлар ортасында өмiр 
сүрген. Грекияның барша аймақтарындағы сияқты бұл дәуiрде 
Лесбос аралында да ақсүйектер мен халық арасындағы жағдай 
өте шиеленiсiп кеткен болатын. Ақсүйектер әулетiнен шыққан 
Алкей өз дәуiрiнiң саяси күрестерiне белсендi араласып, соңында 
Питтак деген тиран тарапынан қуғынға ұшырайды. Ұзақ жылдар 
сүргiнде жүрiп, Питтак кешiрiмiмен басқа ақсүйектер сияқты ол 
да өз отанына оралады. Бiр кезеңдерде ежелгi Грекияда Алкей 
өлеңдерiнiң өте кең таралғандығы туралы мәлiметтер бар. Кейiн 
Александрия ғалымдары ақынның шығармаларын мазмұнына қарай 
он тарауға бөледi. Бiрақ мiне осы бай мұрадан бiзге дейiн кішігірім 
өлең үзiндiлерi ғана жетiп отыр.
Алкей де Феогнид секiлдi өз жұртындағы саяси шайқастардың 
қатысушысы ретiнде өте көп өлеңдерiн Лесбос ақсүйектерiнiң 
тирандарға қарсы алып барған күрестерiне арнайды. Осы 
тақырыптағы өлеңдер «Күрес жырлары» атымен ежелгi дәуiрдегi 
грек халқының арасында кең таралған. «Күрес жырлары» циклiне 
кiретiн шағын бiр өлең үзiндiсiнде ақын зәулім бiр үйдiң көрiнiсiн 
суреттейдi. Көтерiлiсшiлер қанды шайқасқа дайындалып, сол үйге 
қару-жарақ жинаған; Алкей көтерiлiске әзiрленiп жатқан достарын 
ерлiкке, табандылыққа үндейдi. Тағы да бiр кiшiгiрiм үзiндiде 
Феогнид сияқты, Алкей де халық қолына өткен мемлекет билiгiн 
«қорқынышты толқында қалған кемеге» теңейдi.
Алкей өлеңдерi арасында Питтакқа қарсы жазылған үзiндiлердi 
кездестiремiз. Бұл өлеңдерде ақын Митилена билеушiсiн 
«месқарын», «жылпос» деген сөздермен балағаттайды және 


54
«осындай адамның мемлекет басқаруға құқы жоқ» дейдi. Алкейдiң 
ыза-кегiнде шек жоқ. Өзiнiң ескi дұшпаны, тиран Мирсилдiң өлгенiн 
естiген ақын, қуанышпен: «Келiң, iшейiк достар! Мас болғанша 
iшейiк! Тәбетiмiз алмаса да iшейiк! Өйткені, «доңыз» Мирсил көз 
жұмыпты!» - дейдi [1,60]. 
Алкей поэзиясы тек саяси тақырыпта ғана емес, оның махаббат, 
әйелдің сұлулығы, мiнезi жайлы өлеңдерi бiр төбе. Әсiресе, той 
үстiнде, шарап iшкен кезде, достар дастарқанында оқылатын бұл 
тәрiздi өлеңдер – достарға деген қуанышты, сүйiнiштi бiлдiрсе 
керек. Бiзге келiп жеткен бiр өлеңiнде ақын достарынан масаңдау 
болып қайтып келе жатып, сүйiктiсiнiң есiгiн қаққандығы жайында 
жазады.
Көне деректерге жүгiнсек, Алкей поэзиясы өзiнiң ұшқыр 
ойлылығы, өлең өлшемдерiнiң ерекшелiгi, жаңғырған биiк даусы, 
шумақтарының әсерлiлiгi арқылы антикалық дәуiр адамдарының 
есiнде мәңгi қалған. Ұрпақтан ұрпаққа ауысып бiздiң дәуiрімізге 
дейiн жеткен. Кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген рим ақыны Гораций 
Алкейдi өзіне ұстаз санап, өлеңдерiн соның стилiнде жазған.
Алкейдiң замандасы, жерлесi Сапфо да ақсүйектер отбасында 
туған. Лесбос аралындағы көтерiлiстер себебiнен Сапфо аралды 
тастап кетуге мәжбүр болады. Бiрнеше жыл Сицилия аралында 
жасаған ол Питтак райдан қайтқан соң отанына оралады. Келгеннен 
кейiн мектеп ашып, жас қыздарды музыка, өлең, би өнерiне 
жаттықтырады. Сапфоның мектебi «Музалар мүйiсi» деп аталады. 
Бұл мектепте тек грек балалары ғана емес, басқа мемлекеттерден 
де жасөспiрiм қыздар келiп тәрбие алады. Сапфо балаларға өте 
мейiрiмдi, қайырымды жан болған. Олар туралы көп өлеңдер жазған. 
Оның өлеңдерiнiң көпшiлiгi әйелдерге арналған. Сапфо туралы аңыз 
әңгiмелер өте көп. «Ол Фаон деген жiгiтке ғашық болып, махаббаты 
жауапсыз қалған соң, өзiн теңiзге тастап өлiптi-мыс», делiнедi. 
Бiрақ бұл оқиға жайлы ешқандай нақты деректi кездестiрмеймiз. 
Алкей өзiнiң осы замандасын «қол жетпес асқар шыңға» теңейдi; 
Платон грек мифологиясындағы тоғыз музаның қасына оныншы 
қылып Сапфоны қосады; Митилена халқы ақынның атын қасиеттi 
санап, оған ескерткiштер тұрғызады, күмiс, алтын ақшаларға оның 
бейнесiн ойып салады; антик дүниенiң жетi данышпанының бiрi 
саналатын Солон қартайған шағында «Сапфоның тағы да бiр өлеңiн 
естіп өлсем, арманым жоқ» деген екен; ежелгi тарихшылардың 


55
бiрiнiң айтуынша, «бүкiл антикалық дүние Сапфоға әлдеқандай 
керемет деп қараған».
Ежелгi деректер Сапфоның он кiтап жазғандығын айтады. 
Бiрақ солардың барлығы да дiн өкiлдерiнiң әмiрiмен Алкей 
шығармаларымен бiрге XI ғасырда отқа өртелген.
Сапфоның Алкеймен бiр дәуiрде жасағандығы, ұлы әлеуметтiк 
және саяси оқиғалардың құрбаны болғандығы, қанша уақыт 
қуғында өмiр сүргендiгi туралы жоғарыда айттық. Бiрақ Алкей 
шығармашылығы үшiн негiзгi мазмұн болған оқиғалар iзiн Сапфо 
шығармаларынан қанша iздесек те, таппайсыз. Ақын сол саяси 
оқиғалардан түгелдей шеттеп өтедi. Оның поэзиясы тек ғана ішкі 
жан толғаныстары, жүрек тебіреністерiмен шектелген; ол махаббат
пен сұлулықты ғана жырлайды.
Антик дүние адамдары ұлы ақынды махаббат жыршысы деп 
таныған. Біздің заманымызға Сапфоның екі-ақ өлеңi толық күйінде 
жеткен. Афродита құдайға арнаған бiр өлеңiнде махаббат тәңiрiсiне 
мұңын шағады, жүректегi дерттi, отты сөндiруге көмектесуiн 
сұрайды.
Шындығында да, аттика заманында Сапфодай әсерлi өлең 
жолдарын жазған ақынды кездестiре алмаймыз. Ежелгi гректер 
бұл жырларды «отты өрнек» деп бекер атамаса керек. Сапфоның
махаббаты Шығыс классикалық әдебиетіндегі Мәжнүн махаббатына 
өте ұқсас. Ол аласұрып сүйiктiсi Эросты iздейдi, ғашықтық отына 
өртенедi, ақылдан адасады…
Сапфо шығармашылығында ғашықтық жырлардан басқа, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет