Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет31/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Цицерон өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайға сипаттама беріңіз.
2. Осы кезеңдегі шешендік сөздің қоғамдық маңызына 
тоқталыңыз.
3. Цицеронның рим әдебиеті тарихында алатын орны қандай?
4. Цицерон – шешендік сөз өнерінің теоретигі, оның әлемдік 
мәдениет үшін маңызы.


150
3-тарау. 
Август ғасыры
Б.з.б. 31-жылы Грекияның батыс-оңтүстік жағалауындағы 
Анцизм шайқасында Октавиан қосындарының Антоний әскерін 
ойсырата жеңуі нәтижесінде ескі республикалық билік күйреп, Рим 
тарихының жаңа дәуірі – жеке билеуге негізделген императорлық 
билік орнайды. Октавиан жариялаған жаңа басқару әдісі - Рим 
құлиеленушілерін әскери диктатура негізінде біріктіріп, сол кездегі 
қоғамдық құрылысты сақтап қалу талаптарынан келіп шыққан ең 
соңғы ақтық әрекет болды.
Бұл диктатураның найзасы тек құлдар көтерілісіне, 
демократиялық топтардың наразылықтарына ғана емес, сондай-ақ 
даңқ пен мансап жолында ішкі қақтығыстарды туғызып отырған 
кейбір ақсүйектерге де қарсы бағытталған еді. Төменгі топтардың 
көмегімен, бейне сол бір топтың мүдделерін қорғайтын жанашыр 
ретінде күрес бастаған Октавиан да, өзінен алдын өткен Сулла
Помпей, Цезарь және тағы басқалар сияқты билікке қол жеткізген 
соң, берген уәделерін ұмытып, құлиеленушілер мен сенат 
ақсүйектері жағына ауып кетеді. Бірақ ол Рим қоғамындағы түрлі 
әлеуметтік топтарды шошындырып алмау үшін бейтарап саясатты 
қолдайды, жылдам диктаторлық жолға көшіп, барша басқару істерін 
өз қолына алмайды, республикалық басқару жүйесін өзгертпестен, 
ескі билік тәсілдерін сол қалпында қалдырады. Өзін тек принципс
яғни «бірінші азамат» деп атаумен ғана қанағаттанады. 
Октавиан жариялаған мұндай шаралар сақтық тұрғысынан 
жасалынып жатқан қимылдар еді. Шындығында, сақталып қалған 
республикалық билік қай салада да жеке әміршінің тілегі мен 
мүдделеріне қарай іс жүргізеді, сенат оған үлкен құрмет көрсетеді, 
жаңадан-жаңа мансап пен лауазымдар ұсынады. Осылайша, 
Октавианның туған күні, әскери жеңістерінің тарихы бүкіл 
мемлекет бойлап тойланатын үлкен мерекелерге айналады, сенат 
ғимаратының қабырғаларына оның ерліктерін баяндайтын үзінділер 
алтын әріптермен жазылады, өзіне консул, император, халық 
шешені атақтары беріледі. Италияның түрлі қалаларында және 


151
уәлаяттарында оған арнап биік ескерткіштер орнатылады, сенаттың 
шешімімен Октавианға осы кезге дейін тарихта әлі болмаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет