Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет32/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Август, яғни «қасиетті» деген ат беріледі. Ішкі соғыстарды тыйып, 
мемлекетте бейбітшілік орнатқан басшы, халықтың тұрмысын 
жақсартқан қамқоршы ретінде Рим қоғамының ақсүйектері 
Октавианды көкке көтереді. 
Ресми түрде республикалық билікті жариялаған Август, ескі 
әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды, адамгершілік нормаларды 
қайта жандандыруға әрекет қылады, тіпті Рим азаматының жеке 
өміріне де араласып, отбасының салауатты, ерлі-зайыптылардың 
бір-біріне адал болуына көп көңіл бөледі. Октавиан Август өзінің 
салтанатын ескі республикалық заңдарға, ата-баба дәстүрлеріне 
қайта оралудың нағыз өзі екендігін дәлелдеуге қанша ұрынғанымен, 
Рим қоғамының көп бөлігі бұл саясаттың басынан аяғына дейін 
республикалықтан гөрі, Цезарьдің жеке билеу саясатына көбірек 
ұқсайтындығын жақсы түсінетін еді. Бірақ жүз жылға созылған ішкі 
ұрыстардан шаршаған Рим халқы, әсіресе шаруалар, мемлекетте 
орнатылған тыныштық себебінен, Августың диктаторлық саясатына 
көндігіп кетеді. Тіпті оның ғасырын «алтын ғасыр» деп атайды.
Заманының едәуір білімді адамы және мәдени істерге бір табан 
жақын тұрған Август, әдебиеттің үлкен тәрбиелік мәні бар екендігін 
жақсы түсінеді және билікті қолға алған күннен бастап, өзінің басқару 
әдістерін халыққа мақұлдату мақсатында, сол мүмкіндіктерді 
кең пайдалануға кіріседі. Әміршінің кейбір жақын әкімдері де 
сол дәуірдің ірі қаламгерлерін өздеріне жақын тартып, олардың 
туындыларын жаңа заңдарды қолдауға бағыттайды. Мәдениет 
пен әдебиет істерін ұйымдастыруда еңбегі сіңген және сол жолда 
Августке өте көп қызмет көрсеткен жандар арасында ең атақтылары 
- Корвин Массала, Асиний Поллион және Гай Цильний 
Меценат. Бұлардың ішінде императордың ең жақын кеңесшісі 
және әдеби жәрдемшісі, әрине Меценат болды. Аты, кейіншелік 
«мәдениет пен әдебиет қамқоршысы» деген түсінікті беретін сөзге 
айналған бұл адамның өзі де өлең жазып, әдеби әрекеттерге тығыз 
араласады. Меценат, Вергилий мен Гораций сияқты ақындардың 
ерекше талантын байқап, солардың қатысуымен арнайы жазушылар 
үйірмесін құрады. Рим өміріндегі көркем шығармашылық орталығы 
болған бұл үйірме жаңа империялық әдебиеттің қалыптасуы мен 
дамуында өте маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, бұл дәуірдегі 


152
ақындардың барлығы дерлік өз шығармаларында Август тарапынан 
орнатылған жаңа билікті мадақтайды, принципске алғыс айтады. 
Сондықтан республикалық құрылыстан императорлық жүйеге
өту кезіндегі әдебиеттің негізгі ерекшелігі - мадақтау ғана. Бірақ, 
осыған қарамастан, Октавиан заманы, Рим поэзиясының көркемдік 
тұрғыда өте жоғары дәрежеге көтерілген «алтын дәуірі» болды. 
Август салтанаты жылдарында еңбек еткен Вергилий, Гораций, 
Овидий секілді ұлы ақындар өздерінің шығармаларымен Рим 
поэзиясын грек әдебиетінің классикалық дәуірінен қалыспайтын 
және кейіншелік дүниежүзілік әдебиеттің дамуына күшті ықпал 
еткен әдебиет дәрежесіне көтерді. Императорлық биліктің алғашқы
дәуірлеріндегі Рим поэзиясы көркемдік жағынан қанша сұлу 
болғанымен, мазмұны жағынан, саяси өзектілік, заманагөйлік, 
халықшылдық тұрғысынан қарағанымызда грек әдебиетінен, б.з.б.V 
ғасырдағы грек драматургиясынан өте төмен жатыр. Империя 
дәуірінде сөз еркіндігіне тосқауыл қойылғандықтан, әдебиеттің 
көптеген түрлері дамыған жоқ. Бұл салада шешендік өнер мүлдем
маңызын жояды. Республика жылдарындағы әдебиетке қатысты 
қолданылатын «алтын дәуір» атауын поэзиядан өзге жанрларға 
айту мүмкін емес. Егер де, дәл республика жылдарындағы сияқты, 
императорлық дәуірде де әдебиетке көбірек еркіндік берілгенде
Август саясатын сынайтын шығармалардың тууы күмансыз еді. 
Мүмкін, мұндай шығармалар болғанда шығар, бірақ олар бізге 
дейін жетпеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет