220
болады. Тамақ ішуге келгенде оған қағида да, шектеу де жоқ еді.
Гаргантюаның нақұрыс өмір сүруімен
танысып шыққан
Понократ енді оны ғылыми негізде қайта тәрбиелеуге кіріседі:
Жаңаша күн тәртібін белгілейді. Оны ауыл ғалымдары арасына
алып келеді. Баланың қоғамға және білімге деген құштарлығын
ояту үшін түрлі әдістерді қолданады. Енді, Гаргантюа ұйқыдан
таңғы сағат төртте тұрғызылады. Киіну уақытында «қасиетті»
кітаптан бірнеше сүре оқытылады.
Сонымен діни тәрбие шектеледі. Таңғы жуыну уақытында ауа-
райымен таныстырылады. Өткен сабақ қайталанған соң, үш сағат
жаңа сабақ өтіледі. Гаргантюа демалыс уақытында түрлі ойындар
ойнайды.
Жуынып болғаннан кейін, ішетін ас та дайын болады.
Тамақтану кезінде оның маңызы, келтірілген астың мөлшері
мен сипаты туралы қысқаша сұқбат өткізіледі. Есепті үйрену
мақсатында карта ойналады. Бұрын Гаргантюа карта ойнаумен
уақыт өткізген болса, енді түскі және кешкі астан соң түрлі әдеби
сұқбаттар жүргізіледі. Ұйқыға жатар
алдында таза ауада Ай мен
жұлдыздардың қозғалысы жайында түсінік беріледі. Рухани және
дене тәрбиесінің бірге алып барылуы нәтижесінде Гаргантюа
салауатты әрі дана адам болып шығады.
Рабленің уытты сыны надандық ордасы болған ескі мектепке,
балалардың санасын улайтын құрғақ жаттаудан ғана тұратын
ескі
оқыту әдістеріне, шіркеу тіліне айналып кеткен көне латын
тіліне бағытталады. Гуманист Понократ мұндай келеңсіздіктерге
жиіркенішпен қарайды: «Маврлар мен татарлар сүргіндегілерге
де, түрмедегілерге де жақсы қарым-қатынас жасайды: Монтегю
колледжіндегі бақытсыздарға қарағанда үйіңіздегі
иттің жағдайы
жақсырақ.. Эх, егер мен Парижде король болғанымда осындай
өрескелдіктерге жол бергендігі үшін колледжді де, оның бастығын
да, бүкіл жетекшілерін де өртеп жіберген болар едім» дейді[8.32].
Ұлы жазушы орта ғасыр тәлім-тәрбиесі мен діни-аскеттік
рухтағы дүниетанымды да жек көрді, оған ол адам өмірімен тығыз
байланысты гуманистік ой-пікірлер мен еңбек негізінде қалыптасқан
жаңа оқыту жүйесін қарсы қойды. Оның педагогикалық тәліміндегі
басты мақсат - балаға жан-жақты білім беру болатын. Бұл
Гаргантюаның
схоласттар уысынан құтқарылып, табиғат заңдары
негізінде еркін тәрбие алып, таңғажайып адам болып жетілуі
мысалында айқын көрінеді.