317
жазған еді.
Франциядағы саяси оқиғалар, феодалдық озбырлық пен халық
ортасындағы қарсылықтардың күшейуі жазушыға өз әсерін тигізді.
Корнель алғашқы туындыларында адамның әрекеті оның ішкі
адамгершілік қасиеттерін белгілейді, деп гуманистік идеяларды
қорғаған болса, енді ол адамның
әрекеті оның қоғамдағы орнын,
нәсілін, несібесін белгілейді, деген кертартпа пікірлерді ұсынады.
«Родогунда» (1644), «Ираклия» (1647) трагедияларында қаламгер
мемлекет заңдарын бейнелеп, заңды монархиялық мемлекетті
қолдайды.
ХVІІ ғасырдың 60-70
жылдарында жазған кейбір
трагедияларында («Сертория», «Софонисби») Корнель Фронде
қозғалысына қатысқан принц Конде сияқты феодал-зодагондарды
жақтайды. Ол басқа бірнеше пьесаларында («Тит пен Береника»,
«Пульхерия») сарай зодагондарының өзімшілдік ұмтылыстарын
масқара қылады. Бірақ жеке билікті сақтап қалуға қабілетті болған
күшті және қатал әмірші идеалын ұсынады. Гуманистік идеялардан
мақұрым болған және классицизм
эстетикасы рухында жазылған
Корнельдің бұл туындылары «Сид» пен «Гораций» трагедиялары
сияқты жоғары көркемдік деңгейге көтеріле алмады, сондықтан
сахнада сәтсіздіктерге ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: