Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет99/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Жан Расин (1639-1691)

ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетінің көрнекті драмашысы Расин провинциялық қала болған Ферте-Милонда 1639 жылы сот шенеунігі отбасында дүниеге келіп, 1699 жылы қайтыс болды. Ата-анадан жастай жетім қалған Расинді атасы Бове қаласындағы колледжге оқуға береді. Бұл жерде ол (1649-1655) католик шіркеуіне қарсы опозицияда болған янсенистер сектасын қолдаушылар қолында тәрбиеленеді. 1655 жылы оқуын жалғастыру үшін Пор-Роялға көшіріледі. Янсенистердің оқыту әдісі иезуиттердің схоластикалық әдістерінен өзгеше еді. Сондықтан Расин бұл жерде филологиямен шұғылданады. Соң ол Парижге келіп, Гаркур колледжінде оқиды және философия курсын аяқтайды.



Янсенистер баланы аскеттік рухта тәрбиелеуге ұмтылады. Бірақ Расин поэзияға қызығады. Антик қаламгерлердің шығармаларын зейінмен оқиды және көркем шығармашылар жазуға кіріседі. Расин Людовик ХІV-нің үйленуіне арнап жазған мадақ өлеңімен атағын шығарады. Ол Мольер мен Лафонтенге жақындасады.
1664 жылы Мольер театры жас драмашының алғашқы шығармасы болған «Фиваида яки дұшпан ағайындылар» трагедиясын сахнаға қояды. Расин «Ұлы Александр» (1665) трагедиясын алдын Мольер театрында көрсетеді, бірақ тез арада одан алып, бұл театрға қарсы Бургунд Отели театрына береді. Бұл оқиға Мольер мен Расиннің сахна өнері туралы пікірлерінің қайшылықтарынан келіп
шығады. Корнель мен Мольерден алыстаған Расин ақын-теорияшы Буалоға жақындайды. 1667-1669 жылдары оның «Андромаха»,
«Сотқұмарлар», «Британик» пьесалары ізбе-із сахнаға қойылады.
«Британик» трагедиясына Буало жоғары баға береді.
1670 жылы атақты трагедия жазушы Корнель мен Расин бір сюжетте екі шығарма – «Тит пен Береника», «Береника» трагедияларын жазады. Бұл сайыста Расиннің пьесасы жеңіске жетеді. «Береника» трагедиясында Расин жеке мүдде мен әлеуметтік борыш бір-біріне қарсы келмеуі керектігін, монархиялық қоғамның гуманизмге қарсы екендігін ашық көрсетеді.
Расин 1972 жылы түрік сарайы әдет-ғұрыптарын бейнелеген
«Баязет», 1673 жылы «Митридат» трагедияларын жазады.
«Авлидадағы Ифигения» (1674) пьесасы драмашыға жаңа даңқ алып келді. Вольтер «Береника» трагедиясын әлсіз шыққан деген болса, «Авлидадағы Ифигенияға» жоғары баға береді.
Сарай интригалары нәтижесінде Расиннің ең жақсы трагедиясы
«Федра» (1677) сахнада сәтсіздікке ұшырайды. Өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылған қастандықтан соң жазушы трагедия жазуды қойып, сарай тарихшысы болып қалады. Он екі жыл өткеннен кейін қыздар пансионының бастығы де Метенон ханымның өтінішімен үш актілі «Эсфирь» трагедиясын жазады. Расин 1691 жылы соңғы туындысы – «Гофалия» («Аталия») трагедиясын аяқтайды. Бұл пьесаларда залым билеушінің озбырлықтарына қарсы наразылық айқын көрінеді.
Жазушының соңғы шығармалары Людовик ХІV-нің ызасына тиеді, Расин оған ұнамай қалады. Нәтижесінде жазушы өмірінің соңғы жылдары жоқшылықта өтіп, 1699 жылы қайтыс болады.
Расин дүниетанымындағы қайшылықтар оның әділ монарх билігі туралы қиялы мен сол монарх озбырлығына қарсы жиіркеніш білдіруінде айқын көрінеді. Жеке билікке сенім Расиндегі реалистік бағыттың кең дамуына тосқындық жасайды. Бірақ Расин өзінің ең жақсы шығармаларында зұлымдықтың шынайы көрінісін дәл ашуға қол жеткізеді. Жазушы адамның құндылығы оның шыққан тегіне қатысты емес, ал адамгершілік сипаттарына қарай бағалануы тиіс деген қорытындыға келеді. Ол сословиялық теңсіздік негізінде пайда болған феодалдық- ақсүйектік қоғамға лағнат айтады. Расин шығармаларындағы реалистік белгілер бірте-бірте шартты абстрактілікті ығыстырып
шығара бастайды. Расин дүниетанымындағы қайшылық оның әдеби әдісінде де көрінеді. Классицистер эстетикасы қағидаларын негізге алған драмашы үш бірлік талаптарына бағынады, сюжетті антик әдебиеттен алады. Сахнада билік өкілдері мен оларға жақын тұрған тұлғалар көрсетіледі. Жалпылық көріністерден бас тартады. Қатысушылар санын азайтады. Сахнадағы оқиға қаһармандардың әрекетімен ашылмайды, болып өткен яки болып жатқан оқиғаларды сөз арқылы баяндап берумен шектеледі. Классицизмнің бұл шарты, яғни абстрактілік пен рационалдық қағидалар Расиннің шығармашылығына кері әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бірақ драмашы осы әдеби заңдар шеңберінде біржолата қалып қоймайды. Ол қаһармандардың тек жақсы жақтарын ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерін де көрсетеді. Расин гуманистік идеяларды қорғап, билік өкілдерінің озбырлығына негізделген саясаттарды сынға алған ең жақсы трагедияларында («Британик», («Федра») прециоз әдебиеттің қасаңдығын, классицизмнің шартты маңыздылығын да жеңіп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет