Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет15/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Симонид б.з.б. 556-ылы Кеос аралында туған. Бүкiл өмiрiн Анекреонт сияқты сый-құрметте, түрлi патшалар сарайында ткiзедi. арай ақыны ретiнде өзiнiң қамқоршыларына арнап көптеген мадақ жырлар жазады. Ақын 90 жылдай өмiр сүрiп, б.з.б. 469-ылы Сицилияда қайтыс болады. Симонид - думанды лириканың барлық жанрында шығарма жазған қаламгер ақын.
Ежелгi грек мәлiметтерiне қарағанда, думанды лириканың
«эпиникий», яғни жеңiс жыры жанрына негiз салған ақын Симонид болған. Ақын өмiр сүрген дәуiрдiң өзi бұл жанрдың дамуына кең жол ашқан едi. Өйткенi, бұл замандарда мемлекеттiң түрлi жерлерiнде iзбе-iз жалпы гректiк сайыс мерекелер (Олимп, Пифо, Истим, Немей) ұйымдастырылады. Симонид бұл мерекелерде өткiзiлетiн сайыс ойындарда жеңiп шыққан адамдарға арнап бiрнеше жырлар жазған, бiрақ бұл шығармалардың ешқайсысы толық күйінде бiзге жетпеген соң, олардың мазмұны мен көркемдiк ерекшелiктерi туралы ешнәрсе айта алмаймыз.
Симонид өз халқының басына түскен ұлы тарихи оқиға – парсылардың Грекияға шабуылдауы мен гректердiң дұшпанға қарсы жүргізген қиян-кескі шайқастарының куагері болады. Өз шығармаларында отан азаттығы үшiн табанды күрескен, сол жолда мерт болған батырлардың ерлiктерiн дастан қылып жырлайды. Фармопил шайқасында қаза тапқан ерлерге арнап жазылған
шығарманың кiшкене бiр үзiндiсiнде ақын батырлар есiмiн отандастарының ұмытпайтындығын, олардың ерлiгi ұрпақтан- ұрпаққа жететiндiгiн айтады. Симонидтiң ақындық шеберлiгi эпиграммаларда айқын көрiнедi. Бiз қазiргi кезде бiрер тұлғаға арнап жазылған кiшi көлемдегi өлеңдi «эпиграмма» деп атаймыз, ал ежелгi гректер қабiр басына, яки бiрер құдайға арналған ескерткiш, не бұйымдарға ойып жазылған қысқа өлеңдердi «эпиграмма» деп атаған. Симонид эпиграммаларының мазмұны Парсы соғысы оқиғаларынан алынып, көлемi өте ықшам, қарапайым болып келедi. Бiрақ ақын екi-үш жолдан ғана тұратын осы өлеңдерiнде терең мағына мен ой түйiндейдi. Фармопил шайқасында қаза тапқан спарталықтар құрметiне жазылған екi жол өлеңде жай ғана былай дейдi: «Ей, жолаушы! Отандастарымызға барып айт, бiз олардың тiлектерiн орындап, осы жерде мерт болдық». Бұл өлең қарапайым, қысқа, бiрақ өте әсерлi!..
«Симонидтiң бай шығармашылығында «френдер» – қайғылы жырларерекшеорыналады.Қаһармандардыңқазасына,туысқандары мен достарының өлiмiне арналып жазылған мұндай өлеңдерiнде Симонид өзiнiң қайғысын, қасiрет-наласын бiлдiредi»[1,64].
Симонид басқа жанрларда да қалам тартқан. Оның жырлары – қарапайымдылығы, айқындылығы, өткiр ойлылығы, әрi нәзiктiгiмен ерекшеленедi.
Антик дәуiрде және жаңа заманда классикалық лириканың озық үлгiсi ретiнде танылған ақын - Пиндар (шамамен б.з.б. 518-442). Фива қаласына жақын жерде зодагон ақсүйек отбасында дүниеге келген. Пиндар жас шағында өте жақсы тәрбие алады. Түрлi бiлiм салаларын, әсiресе музыканы терең игередi. Пиндар да бүкiл өмiрiн саяхатта, тирандар мен патшалар сарайында өткiзген. Пиндар, негiзiнен хор жанрында еңбек еткен ақын. Бiрақ оның даңқын бүкiл антик дүниеге танытқан шығармалар – ақынның эпиникийлерi, яғни қаһармандық жырлары едi.
Пиндардың 17 жинақтан тұратын бай әдеби мұрасынан бiзге дейiн төртеуi ғана толық күйінде жеткен. Осы жинақтардағы 45 өлеңнiң барлығы жалпыгректiк сайыс мерекелерде жеңiске жеткен батырларға арнап жазылған жырлар. Сол төрт жинақтың бiрiншiсiне
  • Олимп, екiншiсiне – Пифо, үшiншiсiне – Истим және төртiншiсiне


  • Немей сайыстарында жеңген қаһармандарға арналған өлеңдер кiредi.


Пиндар өлеңдерiнiң мазмұны өте күрделi және жан-жақты. Автор өз қаһарманын мақтаудан алдын сөздi сайыс ойындарға байланысы жоқ кейбір мәселелерден бастайды, кейiн батырдың қандай сайыста және қай жерде жеңiске жеткендiгiн айтып, жол-жөнекей баяндауды түрлi оқиғалармен, насихат сөздермен толықтырып отырады. Ақын өзiнiң барлық шеберлiгiн әрине, батырдың жеке қасиеттерiн, қайрат-жiгерiн, өткендегi ғажайып ерлiктерiн мадақтауға жұмсайды. Осындай батырды өсiрген елге, оның ата-бабаларына алғыс жаудырады. Мифологиядан кең пайдалану – Пиндардың жалпы жырларына тән ерекшелiк. Мифологиялық образдар сайыс ойындарға, қаһарманның тiкелей өзiне қатысты болмаса да, мадақталушы адамның жеке қасиеттерiн тереңiрек ашуда ерекше қызмет атқарады.


Пиндар поэзиясындағы мұндай ерекшелiктер антик дүниеде ақынға ұлы құрмет, атақ-даңқ алып келдi, оны бүкiл грек жұртының ұлттық ақыны дәрежесiне көтердi. Ол жырларында мифологиядан еркiн пайдаланған дедік. Пиндар - өз елi Фиваны өте сүйген жан. Бiзге жеткен жырларында ақынның бұл сезiмi айқын көрiнедi. Бiрақ, олардың парсыларға тiзе бүгуiн ешқандай ақтағысы келмейдi. Керiсiнше, парсыларға қарсы тұрған табанды Афинаға бүйрегi бұрады. Соңынан афиналықтар ақынға зор құрмет көрсетiп, оған өзiне лайық абырой, атақ берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет