Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Шекспир шығармашылығының дәуірлерге бөлінуі



бет58/110
Дата15.11.2023
өлшемі1.32 Mb.
#483316
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110
Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» м-emirsaba.org

Шекспир шығармашылығының дәуірлерге бөлінуі

Шекспирдің әдеби қызметі үш дәуірге бөлінеді. Барлығы болып ол екі поэма, 154 сонет және 37 пьеса жазды. Шығармашылығының бірінші дәуірінде (1590-1601) Шекспир поэма, сонеттерден тыс, Қайта өрлеу дәуірінің мазмұнын бейнелеген тамаша комедиялар:


«Адасулар комедиясы», «Вероналық екі жігіт», «Ғашықтық сезімнің өршуі», «Жаз түніндегі түс», «Виндзорлық сайқымазақ әйелдер»,
«Болмашы нәрседен туған үлкен дау», «Бұл сізге ұнайды ма?», «Он екінші түн»; Англия тұрмысынан алынған хроникаларға жататын тарихи драмалар: «Ричард ІІІ», «Генрих ІV»,«Генрих V»; «Ромео мен Джульетта» және «Юлий Цезарь» атты даңқты трагедияларын жазды.
Шығармашылығының екінші дәуірі 1601-1608 жылдар аралығын қамтиды. Орта ғасырдағы феодалдық зұлымдыққа және басқа да әрқандай жауыздықтарға қарсы күрес рухымен қаруланған жазушы дамып бара жатқан капиталистік қоғам мен адамдардың аяққа тапталған арман-мақсатын көреді, туып келе жатқан буржуазиялық қатынастарға сын көзбен қарайды. Осы дәуірде жазушы ұлы гуманистік идеялар мен оқиғаларды бейнелеген өзінің «Гамлет»,
«Отелло», «Король Лир», «Макбет», «Антоний мен Клеопатра»,
«Кориолон», «Афиналық Тимон» трагедияларын жазды.
Шығармашылығының үшінші дәуірінде (1608-1612) драматург
«Цимбелин», «Қысқы ертегі», «Боран» атты трагикомедияларын жазды. Бұл дәуірдегі туындыларының негізгі ерекшелігі, Шекспир
мұнда тұрмыс қиыншылықтарын оптимистік рухта шешуге ұмтылып, романтикалық ертегі сюжеттерінен мол пайдаланады. Мәселен, «Боран» атты шығармасы адамның болашақ тағдырына үлкен сеніммен қараған жазушының таңғажайып ойларының жемісі екендігін анық байқаймыз.

Шекспир шығармашылығының бірінші дәуірі Поэма және сонеттері

Шекспирдің әдеби қызметі «Венера мен Адонис», «Лукреция» поэмалары мен сонеттер жазудан басталған. Екі поэманың да сюжеті антик дәуір тарихы мен мифологиясынан алынған болса да, оларда Қайта өрлеу дәуірінің рухы айқын көрінеді. «Венера мен Адонис» (1593) поэмасында адамның ішкі сезім-толғаныстары мен табиғат сұлулығы суреттелген. Кітапта махаббат пен сұлулық құдайы Венераның Адониске ғашықтығы баяндалады. Бірақ жігіт Венераның махаббатына мән бермейді. Саятшылыққа көңілі ауған Адонис Венераның сақтандыру сөздеріне де құлақ салмайды. Соңында аң аулап жүрген жігітті жабайы доңыз жарып өлтіреді.

Венераның өмірге деген сүйіспеншілігі - поэманың негізгі тақырыбы. Жасыл желекке оранған дала, көк майса шөптер, құстардың сиқырлы үні Венераның өмірсүйгіш талпыныстарымен араласып кетеді, Адонистің қайғылы өлімі оның табиғатқа істеген жауыздықтарының нәтижесі деп қаралады, поэмада бұл дүниедегі бақытты өмір орта ғасырлық «о дүние» түсініктеріне қарсы қойылады.
«Лукреция» (1594) поэмасында Шекспир жауыз ойлы пасық адамды сынға алады. Көне Рим патшасы Тарквинийдің жалғыз ұлы өз досына опасыздық жасайды. Ол Каллатиннің әйелі болған Лукрецияның сұлулығын естіп, ері жоқта оның үйіне басып кіріп, әйелді зорлайды. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Лукреция өзін өлтіреді. Тарквинийдің ұлы болса Римнен қуылады.
Осы екі поэмадан басқа Шекспир 1609 жылы 154 сонеттен тұратын жинағын жариялады. Оның алғашқы сонеттерінде Италия Қайта өрлеу дәуірі поэзиясының тұңғыш өкілі Петрарканың мол әсері болғанымен, Шекспир өзінің шығармашылық өсу жолында бұл жанрдың шартты белгілерінің аясынан шығып, сонеттерді жаңа мазмұнмен байытты. Шекспир сонеттері өзіне замандас Ренессанс
ақындары Сидней мен Спенсер сонеттерінен өзгешелеу еді. Өйткені, олардың лирикалық шығармашылығында жалпыластырушылық жағдай жоқ болатын. Шекспирдің лирикалық қаһарманы өзіне тән ерекшеліктерімен көрінетін, қайталанбас өміршең образдар. Ақын Қайта өрлеу дәуірі адамдарының негізгі белгілерін - махаббаты мен достығын, бақытты өмірге талпыныстарын, пікір және арман- тілектерін бейнеледі.
Ақын, оның досы және «долы әйел» - Шекспир сонеттерінің негізгі қаһармандары. 1-ден 126-сонетке дейін достыққа адалдық баяндалса, 127-ден 154-ке дейінгі сонеттерінде сүйіктісіне деген шынайы махаббаты суреттеледі.
Достық тақырыбы ақын шығармашылығының маңызды бөлігін құрайды. Ақын достықты өте қадірлейді. Ол туралы әсем жырлар жазады. Кейде, достық үлкен сыннан да өтеді. Бір сонетте мынадай көріністерді оқимыз: ақын бір күні ұзақ сапарға аттанар алдында сүйіктісін досына сеніп қалдырады. Бірақ олар ортасында жақындық туып, бірі досына, екіншісі сүйіктісіне опасыздық жасайды. Демек, оның қайғысы ауыр. Соның үшін өз жарына ол: «Сенің жүзің емес, ішкі жан-дүниең лас» деп ренжиді. Дегенмен ол достарынан бас тартпайды.
Жүзіқара, көзіме сен шөп салып, Екі досты еттің ақыр «қосынды», - Мені азсынып, екіншіге шоқ салып, Тұтқындадың ең бір асыл досымды.
Аларып бір қарап едің сен маған, - Мені тастап кетті бірден үш жүрек. Еркімнен тыс сен жасадың, оңбаған, Ақылымнан ашуымды күштірек.

Досымды сен босат енді құлдықтан, Мен-ақ соның қорғайын да намысын. Соған күзет болам, шықпай құлыптан, Жаным кепіл енді соның жаны үшін.

Өтінбек жоқ. Сенсің менің зынданым,

Күллі мендік – ішке тығып тынғаның [100.620] Шекспирдің өзіне тән суреттеу әдістері бар. Ақын өз өлеңдерінде


символдардан кең пайдаланады. Ол жастықты көктемге немесе арайлап атып келе жатқан шұғылалы таңға ұқсатады; сұлулық таңғажайып гүлге, адамның қазасы сұрғылт күзге, кәрілік аязды қысқа ұқсайды.
Шекспирдің өлеңдері әуенді, әрі әуезді болып келеді. Сондықтан да замандастары оны «шырын сөздер» деп атаған. Жинақтың 66-сонетінде лирикалық сезім дауыс гармониясы арқылы толық ашылады. Бір орында жиіркеніш, ашу-ыза, екінші жағдайда ақыл- даналық билік құрады. Оның кейбір сонеттерінде драмалық және лирикалық сәттер аралас баяндалады:
Өлсем деймін. Көре-көре тойдым ғой Қасиеттің қайыршылық қылғанын, Ақ пейілге көтертпейді жала бой, Көрдім ездік паң киініп болғанын,
Көрдім аққа үкім жала жапқанын, Һәм қыз дәурен балағатқа батқанын, Һәм әдейі қошаметтің қорлығын, Һәм қайратқа әлсіздіктің зорлығын.

Һәм туралық есерлікке саналып, Һәм есерлік саналғанын даналық, Һәм шабыттың бүркегенін өз бетін, Адалдықтың – арамдыққа қызметін.

Бар иттікті көріп, көзді қинаймын,

Жан досым-ай, жалғыз сені қимаймын! [100.553].


Бұл сонет - жауыздық, опасыздық қоршаған дүниеде азап шеккен адал жанның ызалы үні - Гамлеттің ашулы монологтарын еске түсіреді. Өте ауыр жағдайда тек махаббат ғана қаһарманды өлім қиялынан қайтара алады, оған күш-жігер береді.
Шекспирдің нағыз адамгершілік сезім-толғаныстарды бейнелеген сонеттері ағылшын әдебиетінде лирикалық поэзияның жаңа гуманистік даму жолын айқындап берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет