Ұзақ оқылу ережесi:
а) Егер екiншi буын дифтонг болса, әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол буынға түседi. Мысалы: peritonaeum – iш, құрсақ, peronaeus – кiшi жiлiншiктiк
ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы екi немесе одан да көп дауыссыз дыбыстар мен х, z әрiптерi алдында келсе, ол ұзақ оқылады.
,
Екпiн дауысты дыбысқа қойылады. Мысалы: columna - бағана,
, ,
medulla - ми, circumflexus - айналу
в) Егер екiншi буын -al-,-ar-,-at-,-in-,-os- жұрнақтары болса,онда олар әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол жұрнақтарға түседi. Мысалы: pelvinus – жамбастық, spinosus - үшкiр.
Қысқа оқылу ережесi:
а) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы b, c, d, g, p, t әрiптерi l немесе r әрiптерiнiң тiркесiп келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшінші буынға қойылады.
, ,
Мысалы: vertebra, palpebra
ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы ch, ph, rh, th диграфтары алдында келсе, қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады.
,
Мысалы: choledochus - өттiк.
б) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы дауысты дыбыстың немесе in әрпiнiң алдында келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: paries - қабырға, osseums – сүйектiк.
в) Егер екiншi буын -ol-, -ul-, жұрнақтары болса, олар қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: lobulus – бөлiкше, alveolus - ұяшық, альвеола.
Достарыңызбен бөлісу: |