7- сабақ
Тақырыбы: Латын тiлi тектерiнiң (род) грамматикалық белгiлерi туралы мәлiмет
Зат есiмнiң тектерiн 1,2,4,5 жiктеулерде атау септiгiндегi жалғауларына қарап анықтаймыз.
Егер зат есiм а,es жалғаулармен аяқталса, онда f –тегiне жатады,яғни а-1 жiктеуде,es-V жiктеуде жiктеледi.
I
f
V
Ал 2-4 жiктеулерде m және n тектерiндегi зат есiмдер жiктеледi. Егер сөз us,er жалғауларымен аяқталса m тегiнде, ал um,on,u жалғауларымен аяқталса n тегiнде жiктеледi.
E r um
II II
u s m on n
I V u IV
Тек 3-жiктеудегi зат есiмдердiң тектерiн анықтау қиындау болып келедi. Себебi бұл жiктеудiң кейбiр ерекшiлiктерi бар. Оны бiз жеке қарастырамыз.
Зат есiмнiң 3-жiктеуi
1. 3-жiктеудегi зат есiмдерге iлiк септiгiнде is жалғауымен аяқталған зат есiмдер жатады.
2. Атау септiгiнде олардың жалғаулары әр түрлi, мысалы: cortex, radix, pulmo, pes, crus, canalis.т.б.
3. 3-жiктеудегi көптеген зат есiмдердiң атау септiгiндегi негiзi iлiк септiгiмен сәйкес келмейдi. Мысалы:
Атау. Cortex. Radix. Crus.
Iлiк. Cortic-is. Radic-is. Crur-is.
Себебi бұл сөздердiң сөздiк формасында iлiк септiгiнiң жалғауы is негiздiң бiр бөлiгiмен берiледi. Мысалы: apex, icis, ( негiзгi apiс); tempus, oris n (негiзгi tempor) cartilago, inis f (негiзгi cartilagin). Сондықтан iлiк септiгiндегi негiзiн бiлмей, мұндай сөздердi септеуге және жiктеуге болмайды.
Ал бiр буыннан тұратын сөздер iлiк септiгiнде толық жазылады: pes, pedis m; dens, dentis m; pars, partis f.
4. III жiктеудегi зат есiмдердiң, атау және iлiк септiктерiндегi буын сандарына қарай тең және тең емес болып екiге бөлiнедi:
Достарыңызбен бөлісу: |