Қосарланған әрiптердiң оқылуы
Q -әрпi әр уақытта и әрiпiмен бiрiгiп, [кв] болып оқылады: squama [сквама] - қабыршақ. ngu әрiптерi бiрiгiп, екi түрлi оқылады: дауысты дыбыстар алдында - [нгв]: lingua [лингва] – тiл, ал дауыссыз дыбыстар алдында -[нгу]: lingula [лингула] – тiлше.
T i -әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [ци] болып оқылады: rotatio [ротацио] - айналу. Бiрақ ол S немесе X дауыссыз дыбыстарынан кейiн [ти] болып оқылады: ostium [остиум] – тесiк.
Su - әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [св] болып оқылады: consuetudo [консветудо] - әдет, ал басқа кездерде [су] болып оқылады: sutura [сутура] – тiгiс.
Диграфтар оқылуы
Грек тiлiнен енген сөздерде ch, ph, rh, th диграфтары кездеседi. Әрбiр диграф бiр дыбыс бередi. Ch=[x], ph=[a], rh=[p], th=[т]. Мысалы: nucha [нуха] – желке, synchondrosis [синхондрозиз] – синхондроз, xiphoideus [ксифоидеус] – семсер тәрiздi, thorax [торакс] – кеуде клеткасы.
Достарыңызбен бөлісу: |