Сөз құраушы негiздердiң варианттығы.
Латын және грек тiлдерiнде зат есiмдер мен сын есiмдердiң сөздiк формасы атау және iлiк септiктерiнде өзгерушiлiк кездеседi. Мысалы: cortex, corticis, soma, somatos. Латын және грек тiлдерiнде негiз iлiк септiгiндегi формалары болып септеледi. Бiрақ кейбiр кездерде бұл сөздер вариантты түрде қолданыла бередi. Яғни сөздiң атау септiгiндегi немесе iлiк септiгiндегi формасы қолданылады: Мысалы: pan-, pant -барлық, бәрi (pan-demia, pant-o-phohia). Үш вариантты сөздер де кездеседi. Мысалы: haemo, haemato, aemia - қан (haemo-globinum, haemato-logia, anaemia).
Достарыңызбен бөлісу: |