Оқулық кiмге және не үшiн қажет? 8 4Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 8


Электрондық оқулықтың сипаттамасы



бет2/9
Дата09.03.2016
өлшемі0.75 Mb.
#47392
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы




Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада , үйде ДЭЕМ – де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО – та оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.



Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:


  1. Кванттау принципi: Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.

  2. Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.

  • Тоериялық ядро;

  • Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;

  • Мысалдар;

  • Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;

  • Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;

  • Бақылау жұмысы;

  • Контекстiк анықтама;

  • Тарихи түсiнiктемелер;

  1. Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.

4. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.
5. Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.
6. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.
7.Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.
8. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.
Ақпараттық жүйенiң белгiлерi:

  1. Басқару объектiсiнiң сипатымен;

  2. АЖ – ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесiмен;

  3. Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымымен;

  4. Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;

  5. АЖ – ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысымен және т.б.


1.3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет?

Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:



  • Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi;

  • Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны жiбередi;

  • Көптеген түрлендiрулерден және есептеулерден босатады, есептiң мәнiне шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру;

  • Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең мүмкiншiлiктер туғызады;

Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан – жақты бiлiм алу үшiн қажет.

Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткенi ол:



  • Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi анализдеуге кететiн уақытты босатады;

  • Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк туғызады;

  • Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге мүмкiндiк туғызады.



    1. Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi





  1. Қайнар көздерiн таңдау

  2. Қайта жөндеу құқығына авторлармен келiсiмдер жасау

  3. Ұғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеу

  4. Help құру және бөлiмдер бойынша модульдегi тексттердi қайта жөндеу

  5. Электрондық формада гипертексттi шығару

  6. Компьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасау

  7. Мультимедианы iске асыру үшiн мәлiметтердi сорттау

  8. Дыбыстардың шығуын қамтамасыз ету

  9. Дыбыстардың шығуын реализациялау

  10. Визуализация үшiн мәлiметтердi дайындау

  11. Мәлiметтердi визуализациялау.



1.5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар

Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:



  • Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек

  • Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы

  • Көптеген мысалдар мен есептердi қамтиды

  • Ыңғайлы форматта болады.


Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым – қатынастардан келiсiмдер жасалынады.

Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.

Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.

Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.



Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.

Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.

Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады.

Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.

Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.

Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.

Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.

Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.

Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.

Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны қанауға дайындық басталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет