Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019. 10 сынып. 1-бөлім



бет12/18
Дата19.05.2022
өлшемі2.03 Mb.
#457319
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
хим каз-10 ОГН

Донорлы-акцепторлық механизм – бір атомның электрон жұбы (донор) ортақ болады, ал екінші атомнан бос (□) орбитал (акцептор) болады:
□Н+ :NH→ NH+4
Коваленттік байланыстың  негізгі қасиеттеріне қанығуы,  полюстенуі, бағытталуы жатады. Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. Қанығуына сай молекулалық байланыстың да белгілі құрамы болады. Сондықтан, Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4 сияқты молекулалардағы байланыстар қаныққан, яғни атомдардың барлық орбитальдарында ортақ электрон жұптары орналасқан. Коваленттік байланыстың полюстенуі молекулалардың өздерінің және олардағы жеке байланыстардың полюстігінің сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілетімен сипатталады. Полюстену молекуладағы электрон тығыздығының бірдей болмауына әкеледі. Мысалы, НСl молекуласында сутек ядросына қарағанда хлор ядросының маңында электрон тығыздығы жоғары. Молекуладағы оң және теріс зарядтың орталықтары сәйкес келмейді де біраз қашықтықта болады. Коваленттік байланыстың бағытталуы молекулалардың кеңістіктік құрылымын (пішінін), яғни олардың геометриялық формасын тудырады. Мұны кәдімгі молекулалардың: НСl, Н2О түзілу мысалында қарастырайық. Коваленттік байланыс атомдардың қосылу сызығының бойында электрон бұлттары, (орбитальдары) максимал бүркескен бағытта пайда болады. Хлорсутек НСl молекуласы сызықты, өйткені сутек атомының s-орбиталі мен хлор атомының p-орбиталінің бүркесуі есебінен түзіледі.Су молекуласы Н2О түзілгенде, оттек атомы екі валенттік р-электрондары арқылы сутекпен бұрышты молекула түзеді
3. Онлайн ресурстар
1.https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар
1. Ковалентті байланысқа 5 мысал келтіріп, оның түзілу механизмін және ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет