Оқулық «Мәдениеттану»


Реформация дәуірінін, мәдениеті



бет31/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Мадениет тану экзамен

Реформация дәуірінін, мәдениеті

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең – Реформация дәуірі болып саналады. Реформация ХҮІ алғашқы –ширегінде неміс елінің топырағыңда дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жағғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік – котоликтік шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңіл толтырушылықтан туған еді. Өзінің мән жағынан алып қарағанда Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі - христиан дінінің жаңа үшінші бағыты - протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозға-лысының мазмұны мен мәні - оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші - идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау - бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келеді мәселе болып қалары сөзсіз.

Реформаиияньің басталуы - «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкескеледі. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешкен прогресивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени төңкеріс - «Қайта жаңғыру» дәуір заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені, Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы – гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеаяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамының ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына. Оының бойындағы ізгілік қасеиттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адам-ның игілігі - әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам - құдайдың ең жетілген, ең әсем ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын – оның жасампаздың, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбек-пен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету - адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация - адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың «ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты. «Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар - білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жетпес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформа-ланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние-танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай ұқсастық бар? Осыдан кедіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік - элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағытгарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек.

«Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі - Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс – католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшлықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «простестанизм» деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.

Дін тарихыңца «протестанизм» деген атау 1529 ж. Шдейгер рейхстаганда алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы - католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беледін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды. Бұл реформалардың негізгі мақсаты - жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқандардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

Тридент соборының шешімдерімен және иезуит орденінің (Иссус қоғамы) жеңістерімен рухтанған бұл дінидарсылық «контрреволюция» деген атаққа ие болды. Собор шешімдерінде католиктік шіркеудің принциптері нығайтылып, протестанттармен қатар, гуманистер де қатал сынға алынып, оқуға тыйым салынған кітаптардың тіэімш шығарып тұру туралы шешім қабылданды. 1564-ж. папа Пии ГУ-нің көзінде «Тыйым салынған кітаптардың индексі» толықтырылып қайта басылып шықты. Олардың ішінде Коперниктің атақты еңбектері, Дантенің «Құдіретті комедиясы», Боккаччоның «Декамероны» және т.б. гуманистердің құнды еңбектері болды. Иезуит орденінің қызметін көзге елестету үшін тарихта белгілі «Варфоломей түнінің» уақиғаларын айтсақ та жеткілікті сияқты. Франциядағы протестанизмнің жеңістерінен қатты қауіптенген католиктік шіркеу протестанттар қозғалысын аяусыз басып-жаншуға иезуиттерді аттндырды. Айуандыққа толы бұл уақиғалардың нәтижесінде 572-жылдың екінші тамызында бүкіл Франция еді қанға боялды; бірнеше сағаттың ішінде ғана Парижде.екі мың адам, Лйонда-800, Орлеаңда - 500 адам өлтірілді, ал осыдан кейінгі уақиғалар барысында небәрі екі аптаның ішінде 30 мың протестант қанға боялды. Рим бұл жеңісті папаның нұсқауымен тойға айналдырып, қанды қырғынға қатысқандарға медальдар тапсырды.Осы бір жеңістердің нәтижесі болар, XVI ғ. аяғына қарай католиктік шіркеу өзін еркін сөзіне бастады және өз ықпалын Италия, Франция, Германия сияқты Еуропа мемлекеттерінде күшейтуге барынша күш сала бастады. Еуропа мәдениетінің одан әрі қалыптасу процесіне христиан дінінің католиктер және протестанттар болып екіге бөлінуі өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Бір ескерте кететін жайт, осындай қанды уақиғалар көзінде гуманистер екі жаққа да қосылмай бейтарап қалды. Бірақ гуманистер мен протестанттар арасындағы пікір таластары бір сәтке де толастамады. Оған гуманист Эразм Роттердамский мен Мартин Лютердің «Адам еркінің бостандығы» төңірегіндегі таластары дәлел бола алады. Бұл талас барысында Лютер Эразмды папаның саясатын қолдады деп айыптаса, Эразм өзара талқыға түскен мәселенің мүлде басқаша екендігін дәлелдеуге тырысты. Бірақ орын алған қарама-қайшылықтарға қарамастан гуманистер де, протестанттар да өздерінің іс-әрекеттері арқылы, идеялық бағыттары арқылы менталитеттің жаңа түрінің қалыптасу процесін жылдамдата түсті, соның нәтижесінде болашақ XVII ғ. мәдениетінің жаңа үлгісінің қалыптасуына жол ашып берді. Ол адамның ақыл-ойының жемісі, оның шығармашылығының ерекше саласы - ғылым мен өзінің кәсіби қызметінде шіркеу ықпалынан тәуелсіз, өзін еркін сезінетін ғалымдардың жаңа типі болатын. Мұндай ойшыл-ғалымдардың қатарына ғасырлар бойы білім дариясынан сусындаған гуманистерді жатқызамыз. Галилейдің пайымдауынша, барған сайын табиғаттың өзі де білім көзіне айналып, кітаппен сабақтастық табады, өйткені табиғаттың өзінен-ақ оның өз заңдылықтарын танып-білуге болады.

Гуманистер де, протестанттар да нағыз білім көздерін ашуға әрекет жасад. Бұл міндетті жүзеге асыру арысында олардың арасында қайшылықтар болмады десе де болады, бар болғаны гуманистер көне классикалық әдебиет пен философияға, ал реформаторлар Библияға жүгінді. Бірақ бұл айырмашылыққа қарап, олардың арасында байланыс болмады, гуманистер Библияны оқымаған екен, ал протестанттар Платон мен Аристотельді білмеген екен деген асығыс қорытынды шығаруға тағы болмайды. Әрине, олардың дүниеге көзқарастары әр түрлі болды, сондықтан да болар олар әр түрлі мәселелер төңірегінде қызу таластарға дейін барды, бірақ олардың рационалдық білім жүйелерінің, мөлшері мен әдістерін қалыптастыру жолындағы мәдени қызметі қарқынды жүргізілді. Солай десек те, гуманистер мен реформаторлардың ғылым мен білім жолындағы ізденістерінде айтарлықтай айырмашылықтарды да байқауға болды. Гуманистер классикалық әдемі тілді, көне заман мен христиандық мәдениет даналығын өз бойына сіңіре білген әрі бай, әрі әдемі латын тіліне бас иді. Олар танымның мәнін адамның бұл дүниеле алатын орнымен байланыстыра қарастырып, білімнің адам өмірін қайта өзгертудегі атқарар қызметінің ұшан-теңіз екендігіне баса назар аударды.

Ал реформаторлар болса Христосқа деген өз сенімдерігінің ақиқаттығын басты орынға қойды және оның ілімін насихаттай отырып, біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді, сеніммен өмір сүруді алға тартты. Олар айтылған ойдың ақиқаттығы көне заман даналары мен осы заманның ғалымдарының, одан қалды Рим шіркеуінің діни қайраткерлерінің беледімен, немесе солардың айтқан қағидаларына сүйену арқылы дәлелдену керек деп санады. Олардың пікірінше, құдай сөзі әрбір адамға арналған, соған бағытталған, ал өз кезегінде құдай сөзін шын жүректен қабылдап-ұғыну, оған сеніммен қарау - әрбір адамның өзіне байланысты. Жеке адамның сенімі құдай жайындағы ақиқатгы білуді қажет етеді, демек Лютердің жолын қуушы әрбір адам бұл қағиданы ескере отырып, Библияның мән-мағынасын, мазмұнын жете түсініп, оны меңгере білу қажет.

Протестанттардың ілімі бойынша, өмір мен сенімнің ережелері мынандай: шіркеуге де, схоластарға да, көне заманның даналарына да сенбе, тек өз басыңның сенімімен айқындалған ақыл-ойыңа сен, бірақ оның барлығы Библияның қағидаларына сәйкес келуі қажет, өйткені Диблия – ақиқаттың айнасы, олай болса оны танып-білу процесі шексіз болып келеді. Мұнда реформаторлар беледінің Библия белелінен әруақытта төмен болу керек екендігін естен шығармау баса айтылады. Демек, протестанттық ілімінің бұл принциптерінен жаңа заманның ғалымдары мен философтары үлгі тұтарлықтай біршама қағидалар мен ғылым жолына бағыт берер ережелерді аңғарып-байқауға болатын сияқты. Шынында да, Лютер іліміне сүйенсек, адамның құдаймен тілдесуі - адамның жеке басының сенімі негізінде ғана жүзеге асырылады, ал сенім мәселелерінде адаспас үшін, оның акиқаттығына көз жеткізу үшін, әрдайым Библияға жүгіну қажет. Лютер дін жолына түскен әрбір адамның сенім және адамгершілік мәселелерінде тәуелсіз болуын жақтай отырып, ар-ұждан болатындығын алға тартты. Лютер Библияны неміс тіліне аударып, оны неміс халқының игілігіне айналдырды.

Реформацияны одан әрі түбегейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі - Ж. Кальвин (1509-1562 ж.) протестанизмнің белелді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм» ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді. Ол «Адам тағдырының жазмышқа тәуелділігі жөніндегі» ілімді одан әрі тереңдетіп, оны абсолюттік фатализм дәрежесіне жеткізді. Әрбір адамның тағдыры, оның өмірге келуі, азабы мен қуанышы және т.б. алдын-ала белгіленген, оны ешкім де өзгерте алмайды, өйткені бері де бір құдайдың қолында. Кальвинизм адамның өмірлік қажеттіліктерін шектеуді уағыздады, өмірдің рахатынан бас тартуды талап етті, табанды еңбек етуге, азаматтарды өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы арттырып отыруға және Библияны оқып-білуге шақырды. Осы игілікті істердің толық жүзеге асырылуы - адамның құдай алдындағы мерейін көтерсе, ал жалқаулық, қызық құмарлық, өмір рахатына той-маушылық сияқты қасиеттер адамды күнәға батырып, келейлікке апарар жол деп саналып, ал ақшаны ысырапсыз шашу, той-думанмен уақытты босқа өткізу, дүниені бостан-босқа талан-таражға салу күнә болып есептедінді. Кальвинизмнің байлық пен думаншылдықты сынауы мәдениет пен өнердің әр саласына өз әсерін тигізбей қойған жоқ, сондықтан да болар, той-думандарға тыйым салынып, дін жолындағы адамдардың сүреңсіз, қызықсыз өмірі басталды, ал оған қарсы шыққандар қатаң жазаланды.

Буржуазиялық өмір салтына сай келетін «кальвинизм» негізінде түрлі ағымдар мен протестанттық секталар пайда болды. Олар баптистер, адвентистер, конгретационалистер, пуритандар және т.б. Осылардың ішінде рухани жағынан ғана емес, барлық жағынан алғанда кальвинизмге ең жақын келетіні - «пуританизм» (ағылшынның «таза», «шынайы» деген сөздерінен шыққан) ағымы болды. Оның негізін қалаушы ағылшын Д.Но-ке болды. Пуританизм уағыздаған құндылықтар мен өмір сүру салты жоғарыда көрсетілген көптеген ағымдарға ортақ болды. Ендігі жерде кальвинизм шіркеуінің дүниетанымы мен өмір сүру салтын қабылдап, соның жолын қуушылар пуритандар деп атала бастады. Жаңа ағым «бұқаралық аскетизмді» асыра бағалаумен, діни салт-жоралардың қаталдығын фетишизациялаумен, үнемшілдікпен, діни ынта-жігермен және т.б. байланысты болды. Пуританизм этикасы риторизммен сипатталды, ол адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшылдыққа, думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге барынша күш салды. Пуританизм өкілдері ұқыпты болды және белгіленген салт-жораларды қатаң орындап, құдайға құлшылық етіп, тақуалақ қарапайым өмірге бет бұрды. Бірақ бұл қарапайымдылық пен байсалдылықтың астарында астамшылық байқалды, өйткені олар христиан дінінің бір саласының ғана өкілдері екендігін місе тұтпай, өздерін құдайшылдық миссияны (міндетті) дүниежүзілік тарихи көлемде атқарушылармыз деп санады. Олар адамзатты құтқарудың ақиқат жолын жүзеге асыруды құдайтағала католиктерге емес, протестанттарға жүктеген деп мәлімдеді. Ал бұл жағдай олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, дін жолынан таймайтындай дәрежеге жеткізді. Олардың бойында жандүние дәрменсіздігі, күмәндану, толқу сияқты қасиеттер болмады десе де болады. Сондықтан да 1620 ж. діни саяси қуғындардың нәтижесінде Еуропадан Солтүстік Америкаға қоныс аударуға мәжбүр болған христиан дінінің радикалдық протестанттық-пуритандық тармағының өкілдері жаңа ұлт пен ұлттық мәдениеттің қалыптасуына ұйытқы болды.

Сонымен Реформация жеңісі қоғамдық өрлеу туғызып, ұлттық мәдениетті ғана емес, дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Реформация ешқандай әлеуметтік-саяси идеалды жарияламаса да, қоғамды жікке бөлуді талап етпесе де, көркемдік шығармашылық саласында қомақты жетістіктерге жетті, ол ғылыми жаңалықтар ашпаса да адамның сана-сезімін өзгертті және адамзат алдында жаңа рухани белес-тер ашты. Адам ерісін ойлауға мүмкіндік алды, ғасырлар бойы үстемдік еткен шіркеу ықпалынан босанды, әрекетіне бағдар берер бағыт белгіленді. Ол бағдар - ізгілік-адамгершілік қасиеттерге, адамның ақыл-ойына, ар-ұжданына байланысты болды. Реформация буржуазиялық қоғам адамының қалыптасу процесін жылдамдатуға түрткі болды. Адамның тәуелсіз болуы, адамгершілік жолын өз еркімен таңдауы, өзінің іс-әрекеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы - сөзсіз адам құқы идеяларының дүниеге келуіне қолайлы жағдай туғызды. Шындығында да, протестанттық идеялар қойнауында дүниені жаңа көзқараспен қабылдайтын жаңа, буржуазиялық қоғам адамының бейнесі жатты. Қорыта келгенде, Батыс Еуропа елдерінде туындап келе жатқан капитализмнің, одан қалды индустриалдық буржуазиялық өркениеттің рухани және идеологиялық бастауы - проте-станизм идеяларында жатыр. Протестанизм - жаңа қоғамдық құрылыстың қарқынды дамуына, оның прогресс жолындағы қадамына айқара жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет