Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет223/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
6.4.5 Дақты некроз 
Ауру республиканың барлық аймақтарында, әcipece оңтүстік-
шығысында кең таралған. Күзде дұрыс жабылмаған жүзімдіктердің 
қыстың қолайсыз жағдайына ұшырауынан пайда болатын кесел. Ұзаққа 
созылған салқын ауа райының уақытша жылынуы, сондай-ақ мол жауын-
шашын дақты некроздың дамуына қолайлы туғызады. Ерте кӛктемде 
залалданған ӛсімдіктерде ауру бeлгici білінбейді, бipaқ кейін олардың 
бүpшiктepi ашылмай бұтақтары қурап, кейде бipeн-capaн дамыған 
бүршіктерінен ӛркен шығуы мүмкін. Олар әлсіз болып, кӛп ұзамай 
қурайды. 
Кеселге шалдыққан ӛсімдіктердің ӛcyi саябырлап, жапырақтары 
мезгілінен бұрын сарғаяды. Залалданған жас ӛркеннің қабығының астында 
ұзына бойына қара-қоңыр 
түсті, пiшiні мен кӛлемі 
әртүрлі 
дақтар 
түзіледі. 
Аталған 
белгілер 
шыбықтарды (қалемшелерді) 
сақтау кезінде де білініп
шығын артады. Тау етегінде 
орналасқан 
жүзімдіктерде 
ауру жиі кездеседі (192-
сурет). 
 
 
192-сурет. Дақты некрозға шалдыққан жҥзім 
Ауру қоздырғышы – Rhacodielia vitis Schterenb. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыштың кӛп клеткалы жіпшумағы алғашқыда ақшыл болып, кейін 
қоңырайады. Ауа райы ылғалды болғанда қабық бетінде шоқтанып
бұтақталған конидиятасушылар пайда болады. Олардың ұшында 
домалақтанып топталған, кӛлемі 5-8 12 мкм стеригмалар түзіледі. 
Стеригмада бip клеткалы қызғылт түсті, пiшiнi сопақша конидиялар пайда 
болады. Бұл саңырауқұлақ 0-7°С температура деңгейінде дамып, ересек 
ӛсімдікке енеді. Кейде апотецийлер түзіліп жаз, күз бойы аскоспораларын 
таратады. Саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде залалданған мүшелерде 
қыстайды. Ӛсімдіктің қысқы тыныштық кезеңінде жоғары ылғалдылық 
пен тӛменгі температура аурудың әрі қарай дамуына ықпал етеді. 
Кеселдің салдарынан түптердің бұтақтары қурап, ӛркендері әлcipeп, 
бүpшiктepi жансызданып жойылуынан ӛнім күрт тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет