Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет10/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Калийдің жетіспеуі (К). Жапырақ ұлпалары ӛледі, ең алдымен кәрі 
жапырақтардың жиегінен немесе жүйке аралықтарынан басталады. 
Жапырақ жиектері алғашында сарғайып, кейін қараяды. Ӛсімдіктердің 
калий жетіспей ауруының бір себебі – топыраққа кальций мен магний 
шамадан тыс енгізілсе және топырақты ізбестегенде (әктегенде) 
байқалады. 
Магнийдің жетіспеуі (Mg). Магнийдің жетіспеуінен ӛсімдік 
жапырақтарының жүйке аралықтары сарғаяды. Бұл құбылыс тӛменгі 
жапырақтардан басталады. Оның себебі барлық магнийдің жастау
бойында хлорофилл түзілетін жоғарғы жапырақтарға ығысады. Алайда 
жапырақ жүйкелері мен оларға таяу ткань бӛліктері жасыл түсін сақтайды. 
Ал жапырақтың жүйкелерінен қашықтау ұлпа бӛліктері ӛсімдік түрлері 
мен сорттарына байланысты сары, қызғылт-сары, қызыл, сия кӛк т.б. 
түстерге енеді. 
Кальцийдің жетіспеуі (Ca). Калий жетіспегендіктен ӛсімдік 
тамырының ӛсуі баяулайды, ал егер бұл элементтің жетіспеу дәрежесі 
едәуір болса ол ұшынан бастап ӛледі. Тамыры шамадан тыс бұтақтанып 
тарамдалады. Ӛсімдіктің жер беті мүшелері кальцийдің жетіспеуі тым 
жоғарғы дәрежеде болса ғана ӛсіп-жетілуі баяулап, жапырақтары 
ұсақталып, бетіне некроз дақтары түседі. 
Марганецтің жетіспеуі (Mn). Жапырақ бетіне түскен ашықсары 
дақтардан жапырақ түрі ала болады, ал жүйкелері жасыл түсін сақтап 
қалады. Кейін марганецтің жетіспеу белгілері темірдің жетіспеу белгілері 
сияқты болады. Бұл элементтің жетіспеуі күрт болған жағдайда ӛсімдіктер 
аласарып. ӛспей қалады. Бұндай жағдайды сілтілі және нейтралды, қара 


16 
шірігі мол топырақтарда, сол сияқты ылғал жетіспегенде жиі байқауға 
болады. 
Темірдің жетіспеуі (Fe). Жапырақтардың түссізденуі (хлороз), 
негізінен кӛпжылдық ӛсімдіктерде – алма, алмұртта – кездеседі. Темірдің 
жетіспеуі ӛсімдіктерге тиімсіз формада болатын карбонатты топырақта жиі 
кездесетін құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет