Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет59/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Биологиялық тәсіл. Ауру қоздырғыштарының ӛсіп жетілуін 
биологиялық тәсілмен тежеу табиғатта қалыптасқан жеке ағзалар арасында 
– мысалы микроорганизмдер мен олардың тіршілік ӛнімдерінің арасында 
кездесетін антагонизміне негзіделеді. Мысалы, актиномицеттер мен 
бактериялар бір субстратта қатар ӛспейді, себебі бактериялардың кӛбею 
қарқындылығы пәрмендірек болғандықтан ол бар жерде актиномицеттер 
тарамайды. Алайда актиномицеттер бактериялардың тіршілігін басуға 
қабілетті антибиотикалық заттар деп аталатын зат алмасу үрдісінің ерекше 
ӛнімдерін ӛндіруге қабілетті. Олар нақты белгілі бір ағзалар тобына 
қатысты (вирустар, бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және 
т.б.) физиологиялық пәрменділігі жоғары заттар. Фитонцидтігі жоғары 
ӛсімдіктер қатарына сарымсақ, пияз, шомырт, кәдімгі қара мойыл, терек, 
арша, шырша және тағы бірқатар ӛсімдіктер жатады. Мысалы, 


73 
шайқурайдан алынған иманин антибиотигі беденің тамыр шірігі ауруы 
қоздырғышының тіршілігін тоқтатады. 
Антагонистерді қолданудың негізгі бағыттары:
1) топырақта антагонист-микробтардың жинақталуына қолайлы 
жағдай туғызу;
2) антагонистер культурасын қолдану;
3) антибиотиктерді қолдану. 
Табиғи жағдайларда фитопатогендердің паразиттері ретінде тіршілік 
ететін микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.) 
анықталды. Олар гиперпаразиттер немесе екінші кезекті паразиттер деп 
аталады. Олардың әсер ету механизмі әр қилы болып келеді: қожайын 
клеткаларының лизисі; патогендердің тіршілігіне тежеу болатын 
биологиялық пәрменді заттарды ӛндіру. Мысалы, Trichoderma lignorum 
әсер ету ауқымы кең бірқатар пәрменді антибиотиктер бӛліп шығарады 
(глитоксин, виридин және т.б.). Сонымен қатар Trichoderma lignorum 
кейбір патогенді саңырауқұлақтардың склероцияларында паразит күйде 
тіршілік етеді. 
Ӛз патшалығының басқа түрлерінде паразит күйде тіршілік ететін 
саңырауқұлақтар микофилді саңырауқұлақтар деп аталады. Қоректену 
тәсіліне қарай оларды биотрофтар және некротрофтар деп екіге бӛледі. 
Тат саңырауқұлақтарында паразит күйінде тіршілік ететін Darluca filum, ақ 
ұнтақ саңырауқұлақтарының паразиті – Cicinnobolus sgn. Ampelomyces
плазмопара, питиум, биполярис және тағы бірқатар саңырауқұлақтар 
паразиті – Trichothecium, питиум, фитофтора және басқа да жалған ақ 
ұнтақ саңырауқұлатарының паразиті – Dactylella, сұңғыла түрлерінің 
паразиті – Fuzarium мысал бола алады. 
Екінші кезекті паразиттер ретінде дернәсілдері сұңғыланың тұқымын 
зақымдайтын фитомиза минер-шыбындарын (Phytomiza orobanchiae Kolt.) 
атауға болады. 
Алайда ӛсімдік қорғау мақсатында биологиялық тәсіл әлі күнге аз 
қолданылады. Бүгінгі күні коршаған ортаға, адамдарға, жануарларға және 
ӛсімдіктерге қауіпсіз болғандықтан бұл тәсілдің қолдану аясын кеңейту 
қажеттілігі туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет