Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет108/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

15

(Precision) немесе қорғалған (Protected) ретінде түсіндіріледі. 
Кез келген уақытта SA (Selective Availability) талғамалы 
қатынау режимі енгізілуі мүмкін, онда өлшемдердің дәлдігі 
әдейі 
төмендетіледі. 
Сигналды 
санкцияланбаған
пайдаланушыдан қорғау шарасының бірі — AS (Anti 
Spoofing) қосымша шифрлеу режимі, онда P-код сызықты 
емес функцияның көмегімен жаңа Y-кодына ауысады. 
Әскери 
пайдаланушылардың 
аппаратурасында 
W(t) 
функциясы белгілі және пайдаланушының Y-кодының 
демодуляциясы кезінде пайдаланылады.
ГЛОНАСС барлық сигналдар жоғары немесе стандартты 
дәлдіктің бір кодтарымен модульденді.
ҒА жоғары тұрақты тербелістердің эталондық генераторлары
бір уақытта уақыт сақтаушылары болып табылады. Берілетін 
радиосигналдар уақыт белгісін орындайды. Осы белгілер 
бойынша Жерде уақыт қызметі станцияларының көмегімен 
мемлекеттік эталондары бар уақыт шкалаларын тексеріп 
салыстыру жүргізіледі. Олар бойынша пайдаланушылар 
аппаратурасында да өлшемдерді синхрондайды.
Пайдаланушының қабылдағышында жиіліктің атомдық 
стандарттары жоқ, оларды онда орнату өте қымбат болады. 
Сондықтан қабылдағыштардағы уақыт шкаласының жылжуы 
ҒА қарағанда, бірнеше тәртіпке үлкен болуы мүмкін; бұл, 
егер жалған қашықтықтарды минимум төрт ҒА дейін 
өлшейтін болса, оны шығарып тастауға болатын тұрақты 
жүйелік қателік. Төрт өлшем төрт параметрді өлшеуге 
мүмкіндік береді: қабылдағыштың жер кеңістігінде 
жағдайын белгілейтін үш координаты және қабылдағыштағы 
уақыт шкаласының жылжуы (жиіліктің кетуі).
Сонымен қатар, МОМЖ ОЖА кешенді жүйелері 
пайдаланылады. 
ЖҚ 
серіктік 
жүйелердің 
қабылдағыштарынан басқа, инерциалды жүйелері мен 
цифрлық бейнекамералары орнатылады. Қабылдағыштар
тіпті 
серіктердің 
сигналдарын 
жоғалтқан 
кездегі 
жағдайларда да, инерциалды жүйелерді байлауды сақтайды. 
Бейнекамералар оларды кейін стереофотограмметриялық 
тәсілдермен өңдейтін стереобейнелерді алуға мүмкіндік 
береді.
МОМЖ құру және пайдалану диспетчердің ҚЖ (деректерді 
қабылдау-тапсырудың қосымша жүйесі) байланысының 
сенімді құралдарын пайдалануды болжайды. Сөйтіп, ультра 
қысқа толқынды (УҚТ) радиобайланыс құралдары он шақты, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет