Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет110/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

15

жұмысын қиындатады және ЖҚ қозғалысы кестесін 
қадағалауға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, қандай да бір 
төтенше жағдайларда (ТЖ) диспетчерге белгілі ЖҚ соңғы 
орналасқан жері оқиға ауданынан өте алыс болуы мүмкін. 
Диспетчерде ЖҚ орналасқан жері туралы өзекті ақпарат 
үнемі болу үшін, МОМЖ автоматты ОЖА қарастырылуға 
тиіс. Қалааралық және халықаралық тасымалдау үшін, ол , 
әдетте, 
сағат 
сайын, 
сондай-ақ 
әр 
хабарламамен, 
хабарламаны алу және оқу туралы растаумен, қозғалтқышты 
әр ажыратқан кезде (қала (қала маңындағы) аумақтар үшін 
әр 15 ... 30 минут сайын) жүргізіледі. Барлық деректер 
компьютерге автоматты түрде енгізіледі және кесте 
нысанында, солай диспетчер компьютерінің электронды 
картасында тікелей беріледі.
3.
Ақпаратты автоматты түрде алу және сақтау. Барлық
келіп түсетін ақпарат диспетчер болмаған жағдайда да 
қабылданады және жүйенің ДБ сақталады, электронды
пошта жәшігі қағидасы сақталады. Егер диспетчердің 
компьютері ажыратылған болса, онда ақпарат жоғалып 
кетпейді, ал жүйенің орталық компьютерінде сақталады. 
Диспетчер өз компьютерін қосқан кезде, ол барлық 
ақпаратты алады.
4.
Қуатты аз тұтыну. Автомобиль көлігінің жылжымалы
құрамының электр қуатының шектелген мүмкіндіктері бар, 
сондықтан жүйе үнемді болуға тиіс. Жүйенің ұялы байланыс 
терминалы (ҰБТ) ұдайы серіктің артынан жүріп отыратын, 
үшкір бағытты антеннаны пайдаланады, ол сәулеленудің 
қуаты аз болған кезде және энергияны тұтыну деңгейі төмен 
болған кезде, аккумулятордан ұзақ уақыт жұмыс істеудің 
сенімді байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Ажыратылған қозғалтқышпен ұзақ тоқтап тұру кезінде 
аккумулятордан жұмыс істеу уақытын одан әрі көбейту 
үшін, мысалы «Евтелтракс» жүйесінде айрықша үнемді 
режим қарастырылған, ол кем дегенде 3 тәулік 
аккумуляторды тоғынан ажырату тәуекелінсіз қозғалтқыш 
ажыратылған кезде байланысты ұстап тұруға мүмкіндік 
береді.
5.
Төмен құны. Серіктік байланыс - байланыстың ең
жаһандық түрі, алайда қымбат тұрады. Жүйеде шығындарды 
азайту үшін, мәтіндік стандартты хабарламаларды пайдалану 
мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Байланысты максималды 
арзандату үшін, мысалы, «Евтелтраксте» жүйенің мынадай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет