16
6
магнитті меридианынан ауытқуын өлшейтін феррозондтар
негізіндегі бағыттау датчигі және объектінің Жер бетіне қатысты
көлденең емес орналасуынан пайда болатын феррозонд датчигінің
қателерін жоюды қамтамасыз ететін үдету датчигі (акселерометр)
пайдаланылады. Есептеп шығару қателерін түзету қаланың КЖЖ
полисызықтарының цифрлық векторлық картасы бойынша
жүргізіледі, ол бірнеше метрге дейін орналасқан жерін анықтаудың
дәлдігіне жетуге мүмкіндік береді. Борттық жабдықтарының
элементтерін ЖРНЖ қабылдағышымен бірге пайдалану мүмкіндігі
бар.
ЖРНЖ қабылдағыштарымен салыстырғанда инерциалды
навигация аспаптары радиобөгеуілдердің әсеріне ұшырамайды
және қосқаннан кейін бірден жұмыс істей бастайды (ЖРНЖ
сияқты, серіктен ақпаратты жүктеу үшін 1...2 мин талап
етілмейді), олардың қолданылу аймағы іс жүзінде шектелмеген
(бірнеше серікті тура көру талап етілмейді), оларда курсты көрсету,
бағдарға дейін қашықтықты анықтау, дирекциялық бұрышты
өлшеу жүргізіледі. Жақын арада ЖҚ орналасқан жерін анықтау
жүйелері үшін инерциалды навигация аспаптары автономды
құрылғы ретінде емес, ЖРНЖ құрылғыларына қосымша ретінде
қолданылатыны айқын, ол орналасқан жерін анықтау дәлдігін
көбейтуге, өлі аймақтарды және маршруттың бастапқы учаскелерін
жоғалтуды жоюға мүмкіндік береді.
Тіпті орналасқан жерін анықтау әдістері мен аппаратурасын қысқа
шолу пайдаланушының барлық талаптарын қанағаттандыратын
әмбебап жүйе жоқ деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Тиімді жұмыс істейтін орналасқан жерін анықтау жүйелерін жасау
міндеті нақты әдісті таңдаудан едәуір кең болып шығады.
Байланыс жүйелерінің микроұялы құрылымы орналасқан жерін
анықтаудың аймақтық жүйелерін құруға негіз болуы немесе радио
пеленгациялық әдістермен орналасқан жерді анықтау мәселелерін
шешуге мүмкіндік беруі мүмкін.
AVL-жүйелермен
бірге пайдалануға арналған электронды
карталарды жасау мәселелері бөлек тұр. Көлік магистральдарының
кейбір учаскелеріндегі жол кептелісі туралы ақпаратты есепке
алуға дейін, онда жол жағдайын жедел түзету ұйымдастырылған
жүйелердің артықшылықтары болады.
|