18
1
6-ТАРАУ
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЖЕДЕЛ
ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУҒА
АРНАЛҒАН
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ
ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ
ҚОСЫМША ЖҮЙЕЛЕРІ
ТАСЫМАЛДАУДЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН
ДИСПЕТЧЕРЛІК БАСҚАРУДЫҢ ҚОСЫМША
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тасымалдауды орындау процестерін ақпараттық қамтамасыз ету
жүйесін жетілдіру саласындағы мемлекеттік
көліктік саясатты іске
асыру ақпаратты алу көздері мен әдістерінің шынайылығынан тәуелді.
Автомобиль көлігімен тасымалдаудың, ең алдымен жолаушылардың
және қауіпті жүктердің қауіпсіздігін ақпараттық
қамтамасыз ету Ресей
Федерациясының Ішкі істер министрлігінің (Ресей ІІМ) органдарымен,
жедел медициналық жәрдем қызметімен, сондай-ақ Ресей Федерациясы
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар
және зілзала апаттардың
салдарын жою істері жөніндегі министрлігінің бөлімшелерімен (Ресей
ТЖМ) жедел өзара әрекеттестігінің кезінде іске асырылуы мүмкін
екендігін ескере отырып, Ресей Федерациясының Көлік министрлігінің
(Ресейдің Көлік министрілігі) Автомобиль көлігінің департаменті
жердегі көлік кешеніндегі (КК) информатика, байланыс және навигация
саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға ерекше назар
аударады.
Жердегі көлікті басқару жүйелерінің
технологиялық шешімдерінің
бірлігі, қолданылатын радионавигациялық жабдықтары мен байланыс
жабдықтарын біріздендіру және түйістіру, орны мен уақытын көрсете
отырып,
жол-көлік оқиғаларының (ЖКО), ТЖ бірыңғай деректер банкін
қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Жолдардың жеке
учаскелері бойынша статистикалық деректердің негізінде көлік
ағындары қозғалысының орташа жылдамдығын,
ЖКО санын бағалауға
және ұсыныстар беруге болады, мысалы, Ресей ІІМ МЖЖҚИ,
рұқсат
етілген жүру жылдамдығын өзгерту, бағдаршамдарды орнату,
сондай-ақ
Достарыңызбен бөлісу: